Menu HELPDESK

«Эразмус+» бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық

2022 жылдың 01 ақпанынан 31 мамырына дейін академиялық ұтқырлық аясында "Ішекті аспаптар" мамандығы бойынша "Аспаптық орындаушылық" факультетінің 2-курс студенті Алтынбекова Султана семестрлік оқу үшін Виго консерваториясына (Испания, Виго қ.) жіберілді. Барлық шығындар білім алушының жеке қаражаты есебінен өтелетін болады.


№ р/н

Аты-жөні

Ел, қала

ЖОО

Курсы, факультеті, мамандығы

Болу кезеңі

   1

 Алтынбекова Султана

 Испания, Виго қаласы

 Виго музыка консерваториясы

 2-курс, «Аспаптық орындаушылық» факультеті, 
«Ішекті аспаптар» мамандығы  

01.02.2022 -31.05.2022

 



2021-2022 оқу жылы "Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім" факультеті "Дирижерлеу" мамандығының 2-курс студенті Мұхтар Сәтқозы 2022 жылдың 1 ақпаны мен 31 мамыры аралығында Польша елінің Краков қаласындағы Музыкалық академияға оқуға жіберілді. Мұхтар студент ұшақ билеті және жатын орынмен қамтамасыз етілді, сондай-ақ ол тәуліктік шығындарын өтейтін айсайынғы стипендия алады. 


 № п/п

 Аты-жөні

  Ел, қала

 ЖОО

          Курс, факультет, мамандық

   Оқу кезеңі

1

 Мұхтар Сәтқозы

 Польша, Краков қ.

 Краков қаласындағы Музыкалық академия

 2-курс, «Вокал, Дирижерлеу және Музыкалық білім беру» факультеті, «Дирижерлеу» мамандығы

 01.02.2022 -31.05.2022




«Эразмус+» бағдарламасы аясында 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан 2021 жылдың 01 қыркүйегі мен 2022 жылдың 31 қаңтары аралығында білім алуға Виго музыка консерваториясына (Испания, Виго қ.) 3 студент жіберілді. Студенттер оқу кезіндегі тұру, әуебилеті шығындарын өтейтін және ай сайынғы стипендия, сондай-ақ тәуліктік ақы алады.


 № р/н

Аты-жөні

Ел, қала

ЖОО

Курсы, факультеті, мамандығы

Болу кезеңі

  1

 Қанатқызы Динара

 Испания, Виго қаласы

Виго музыка консерваториясы

 2-курс, «Аспаптық орындаушылық» факультеті, 
«Ішекті аспаптар» мамандығы  

01.09.2021 -31.01.2022

  2

 Мухамедиярова Диана

 Испания, Виго қаласы

Виго музыка консерваториясы

 3-курс, «Аспаптық орындаушылық» факультеті, 
«Ішекті аспаптар» мамандығы  

01.09.2021 -31.01.2022

  3

 Алтынбекова Султана

 Испания, Виго қаласы

Виго музыка консерваториясы

 2-курс, «Аспаптық орындаушылық» факультеті, 
«Ішекті аспаптар» мамандығы  

01.09.2021 -31.01.2022



2018 жылдан бастап ҚҰК «Эразмус+» бағдарламасы шеңберінде Еуропалық жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтаса бастады. 2019-2020 оқу жылында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан Виго консерваториясына (Испания, Виго қ.) 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 1 ақпаны аралығында студенттер жіберілді. Студенттер тұру, ұшу шығындарын, сондай-ақ ай сайын берілетін стипендияны қамтитын толық гранттық қаржыландыруға ие болды.


№ п/п

Аты-жөні

Ел, қала

ЖОО

Курс, факультет, мамандық

Оқу кезеңі

1

 Жаксыбек Томирис

 Испания, Виго қ.

 Виго Консерваториясы

 2-курс, «Аспаптық орындаушылық» факультеті, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» мамандығы.

 01.09.2019 -01.02.2020

2

 Абильсеит Аружан

 Испания, Виго қ.

 Виго Консерваториясы

 2-курс, «Аспаптық орындаушылық» факультеті, «Ішекті аспаптар» мамандығы»

 01.09.2019 -01.02.2020


Сондай-ақ, халықаралық #ErasmusDays 2020 күнін қолдау мақсатында, 2020 жылғы 15 қазанда Құрманғазы атындағы консерватория академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан, 2019-2020 оқу жылында бір семестр бойы еуропалық жоғары оқу орындарында білім алған Консерватория студенттерінің қатысуымен онлайн-концерт ұйымдастырды (концертке сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=EnAOelpxa9Q&feature=youtu.be ).