Menu
info@conservatoire.kz

Арт-менеджмент

                                                                                   «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша

                                                                   XIIІ Республикалық студенттік пәндік онлайн олимпиадасының

                                                                                                                   ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізілу күні: ­­­­­ 30-31 наурыз 2021 ж.

Өткізілу орны: РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы»

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы».

Мақсаты: ҚР-ның жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін студенттік пәндік онлайн Олимпиада «ҚР-дағы жастар жылы» аясында:

- Болашақ мамандардың кәсіби шеберліктерін дамыту;

- Студенттердің білім алуға құштарлығын арттыру;

- Талантты және дарынды студенттерді анықтау;

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Республикалық студенттік пәндік олимпиада ережелерінің талаптарына сәйкес қатысушы келесі құжаттарды (сканерленген құжаттарды e-mail арқылы жіберу) ұсынуы тиіс: құжаттардың түпнұсқалары өзімен бірге болуы тиіс):

* Өтінім;

* Олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе студентті Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңіне жіберу туралы ЖОО Ғылыми кеңесінің хаттамасынан үзінді;

* Жеке куәліктің көшірмесі (екі жағынанда);

*3 * 4 фото (электрондық нұсқасы);

* Жобаның нақты тақырыбын көрсетумен толтырылған өтінім парағы (міндетті түрде Microsoft Word форматында).

Алдын ала өтінімдерді немесе құжаттарды 2021 жылдың 25 наурыз айынан кешіктірмей, ұсынбаған қатысушылардың тізімі қарастырылмайды.

 

ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ:

1 кезең (ЖОО ішінде іріктеу кезеңі) – онлайн форматында белгіленген Zoom немесе Google Meet платформаларында.

2 кезең (ҚР ЖОО аралығында) – онлайн форматында белгіленген Zoom немесе Google Meet платформаларында.

 

Олимпиаданың ІІ кезеңін (ҚР ЖОО аралық) өткізу тәртібі:

1.      Өнер саласындағы жобаның тұсаукесері (онлайн форматында белгіленген Zoom немесе Google Meet платформаларында.);

2.      Пікірталас клубы (онлайн форматында белгіленген Zoom немесе Google Meet платформаларында.);

 

1.Өнер саласындағы жобаның тұсаукесері.

Жобаның тақырыптары:

-         Өнер саласында жобаларды ұйымдастыру (концерттер, фестивальдар, конкурстар, көрмелер, вернисаждар және т.б.).

-         Өнер саласындағы топтар және орындаушыны таныстыру жобасы.

-         Шығармашылық ұжымның немесе орындаушының гастрольдік сапарын ұйымдастыру.

-         Арт-индустрия саласындағы еркін тақырып.

 

Жоба презентациясының талаптары:

-         Жоба студенттердің бизнес-жоспарлармен, соны жобалау көздерімен жұмыс істеуін және автордың шығармашылық іс-шараларды жобалау негізінде өзінің көзқарасын көрсетуі тиіс. Жобаны дайындау кезінде Қазақстанның мәдениет және кәсіпкерлік саласында болып жатқан өзгерістерді ескеру қажет.(жобаның нысаны қоса беріледі);

-         Жобаның тұсаукесері Microsoft Office Power Point бағдарламасында ұсынылуы тиіс.

-         Презентация ұзақтығы 7-10 минуттан аспауы тиіс.

 

Олимпиадаға қатысушыларды бағалау критерийлері:

Жобаның тұсаукесері (жалпы бағалаудың 70% ):

1.     Тақырыптың арт-бизнес мәселелеріне сәйкестігі.

2.     Презентацияның негізгі идеяларын бөліп қарастыру (мазмұны, әлеуетті демеушілердің қызығушылығының артуы).

3.     Жоба материалының, презентацияның бірегейлігі.

4.     Жобаның дәлелді зерттеулермен және оңтайлы есептермен негізделуі.

5.     Менеджмент моделін дұрыс, оңтайлы пайдаланылуы.(минимум бір модель).

6.     Презентацияның дизайны.

7.     Материалды баяндау сауаттылығы, сөйлеу стилі.

 

2. Пікірталастық клуб.

Пікірталастық клубта студент өзінің арт-менеджердің когнитивті, функционалдық, тұлғалық, этикалық құзыреттіліктерін көрсетуі тиіс.

Жалпы баға – 100 балл.

 

Олимпиада қатысушылары:

Республикалық олимпиадаға төмендегі музыкалық мекемелердің "Арт-менеджмент" мамандығының 1-4 курс студенттері қатыса алады.:

1.     Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы қаласы);

2.     Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-сұлтан қ.);

3.     Т. Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.);

4.     Қазақ ұлттық хореография академиясы (Нұр-сұлтан қ.);

5.     Қазақстан Республикасы ЖОО-ның музыкалық факультеттері.

 

Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың өткен жылдардағы І орынға ие болған лауреаттары олимпиадаға қатыса алмайды.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің қолтаңбасы қойылған I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Әділқазылар алқасының қорытынды шешімі қайта қарастырылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

         РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы»

«Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» факультеті

«Арт-менеджмент» кафедрасы

2021 жылдың 6-7 сәуір аралығында болатын XIII Республикалық студенттік пәндік онлайн олимпиадаға

 

ӨТІНІШ*

 

Қатысушының аты-жөні ________________________________________

 

Туған күні ____________________________________________________

 

Оқу орнының атауы, курс _______________________________________

______________________________________________________________

 

Педагогтың аты-жөні____________________________________________

 

Ұялы телефон (WhatsApp-пен)____________________________________

 

Электрондық пошта ____________________________________________

 

Тілі (орыс немесе қазақ)__________________________________________  

 

Қорғалатын жобаның аты

1.______________________________________________________________

 

 

* Өтінім электрондық түрде толтырылады және жіберіледі.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Толтырылған өтінімді жібере отырып, сіз олимпиаданың ережесі және шарттарымен танысқаныңызды және келіскеніңізді растайсыз.

Байқауға қатысу өтінімдері 2021 жылдың 25 наурызына дейін e-mail: Baukentay26@mail.ru қабылданады.

 

Координатор: Бекмұханбетов Бауржан Дүйсенұлы

Анықтама телефоны: +77014130220

e-mail: Baukentay26@mail.ru

сайт: http://www.conservatoire.edu.kz