Menu
info@conservatoire.kz

Вокалдық өнер

«Вокалдық өнер» мамандығы бойынша

ҚР БҒМ КСРО халық әртісі, Еркеғали Рахмадивтің 90 жылдық

мерейтойына арналған

XIІI Республикалық студенттік пәндік онлайн олимпиадасы туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізу күні: 25-26 наурыз, 2021 ж.

Өткізу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Вокалдық өнер» кафедрасы.

Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Мақсаты: болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту, ең талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау, отандық музыка мәдениеті мен Қазақстан Республикасының орындаушылық өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.

Міндеті: Қазақстан Республикасындағы музыкалық білім беруді жетілдіру және дамыту.

Олимпиада қатысушылары:

ЖОО арасындағы «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша ҚР БҒМ XIІI Республикалық студенттік пәндік онлайн олимпиадасына келесі музыкалық мекемелердің студенттері қатыса алады:

1. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы қ.

2. Қазақ ұлттық өнер университеті, Нұр-Сұлтан қ.

3. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.

4. 6В02103 - «Вокалдық өнер» мамандығы бар басқа да ЖОО.

Олимпиада шарттары: алдыңғы өткен олимпиадалардың лауреаттары мен халықаралық конкурстардың лауреаттары және колледждің 1 мен 2 курстың студенттері қатыса алмайды. Барлық шығармалар түпнұсқа тілінде, опера ариялары түпнұсқа үндестілігінде орындалады. Көне ариялар мен романстар үндестілігі транспортта орындалуы мүмкін.

Олимпиаданы өткізу тәртібі.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

Онлайн-конкурс екі номинация бойынша өткізіледі – «Опералық ән салу» және «Концерттік-камералық ән салу», бір турдан тұрады.

1. Конкурстық қарауға бөгде дыбыссыз, бейнекамераға немесе камераның жақсы ажыратымдылығы бар смартфонға түсірілген жанды орындаудағы бейнежазбалар қабылданады. Бейнежазбаны жазу кезінде смартфон көлденең тұру керек.

2. Конкурстық өнер көрсету бағдарламасы рояль немесе фортепианоның сүйемелдеуімен орындалады. Бейнежазба басынан аяғына дейін мүлде үзілмеуі тиіс.

3. Бағдарламаны фонограмма (плюс, минуспен) орындауға жол берілмейді. Бейнежазбадағы дыбыс табиғи, монтажсыз, аудиожолдарды қабаттастырусыз және видео кадрларды желімдеусіз болуы тиіс (кері жағдайда конкурсант конкурсқа қатысу құқығынан айырылады).

4. Кадрда конкурсант (толық фактурасы (бойымен), аспап және концертмейстер көрінуі тиіс

5. Қатысушының сыртқы келбеті:

    1. Концерттік көйлек

    2. Смокинг немесе костюм.

6. Орындаушы конкурстық бағдарламаны сілтемеде көрсету керек, сондай-ақ оқу орнының, оқытушының және концертмейстердің ТАӘ ұсынуы тиіс. YouTube немесе басқа файл алмасу қызметтерінде (Google, Mail, Yandex және т.б.) орналастырылған жазбаға сілтеме өтінімде көрсетіледі (жазбаны жүктеу қажеттілігінсіз көру үшін ашылатынын тексеру қажет).

Сілтеме үлгісі:

а) Қатысушының аты-жөні (ТАӘ) және оқу орны

б) Бағдарлама

в) Оқытушының және концертмейстердің ТАӘ

г) Сілтеме………..

 

Бағдарламасы:

«ОПЕРАЛЫҚ ӘН САЛУ» НОМИНАЦИЯСЫ

1.      Опера, оратория мен мессалардан ария (16-18 ғғ.)

2.      Батыс еуропа немесе орыс композиторларының операларынан ария

3.      Е.Рахмадиевтің операларынан ария

Барлық дауыстарға арналған болжамды партиялар:

Сопрано: Қамар сұлу, Гүлбаршын, Қарагөз, Күлпәш

Меццо- сопрано: Балым, Аналық

Тенор: Ахмет, Тезекбай, Кейқуат, Диуан, Самат, Қалдан-серен, Әмірсана

Баритон: Омар, Зындан, Алпамыс, Абылайхан

Бас: Тайшы-Хан, Нұрым, Бұхар жырау.

Е. Рахмадиевтің опералары:

«Қамар Сұлу»

«Степное зарево» (А.В.Бычков пен Г.И. Гризбилмен бірлестігінде)

«Алпамыс»

«Песнь о Целине»

«Абылай-хан»

 

«КОНЦЕРТТІК-КАМЕРАЛЫҚ ӘН САЛУ» НОМИНАЦИЯСЫ

1.      Кантата, оратория мен мессалардан ария (16-18ғғ.)

2.      Вокалдық цикл (шетел, орыс және қазақ композиторларының шығармашылығынан) немесе циклдің бөлігі (15 минуттан көп емес)

3.      Е.Рахмадиевтің әні немесі романс

 

Олимпиадаға қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Жеке куәліктің көшірмесі (екі жағынан)
  2. Оқу орнынан анықтама
  3. Өмірбаян
  4. Электрондық түрдегі фотосурет, мөлшері – 10*15
  5. Толтырылған өтінім парағы, орындалатын бағдарламаның нақты көрсетілуімен (міндетті түрде Microsoft Word форматында)
  6. Олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы кафедра меңгерушісінің қолы қойылған хат және кафедра отырысының студенттерді Республикалық пәндік олимпиадаға жіберу туралы хаттамасынан үзінді.

Олимпиада шарттары:

Құжаттар мен бейне жазбалардың сілтемелерін 2021 жылдың 10 наурызына дейін (қоса алғанда) электрондық түрде e-mail: t_beknazarova@inbox.ru жіберу керек

Үйлестіруші (координатор): Бекназарова Танагүл Қайкенқызы – кафедра оқытушысы

Байланыс телефоны: 8-777-255-24-43