Menu
info@conservatoire.kz

Дирижерлеу

                                                                           Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру факультеті

Дирижерлеу кафедрасы

                                                                6В02105 – Дирижерлеу (Хормен дирижерлеу) мамандығы бойынша

"ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Л.Айдарбекованың

70 - жылдығына арналған ҚР БҒМ-нің XIII Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысуға арналған

ЕРЕЖЕ

 

 

Өткізілу мерзімі: 08-09 сәуір 2021 ж.

Өткізілу орны: ОНЛАЙН, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы», дирижерлеу кафедрасы.

Ұйымдастырушылар: РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы».

Мақсаты: ҚР-ның жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін Студенттік Олимпиада «ҚР-дағы жастар жылы» аясында болашақ мамандардың кәсібилілік қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеушілік қызметтерін ынталандыру, дарынды да талапты студенттерді таңдау мен қолдау, отандық мәдениет пен өнер дәстүрлерін сақтау, Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық мектептері арасындағы болашақтағы ынтымақтасықты орнату мақсаттарында ұйымдастырылады.

Қатысу талаптары: Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың ережелері талаптарына сәйкес қатысушы келесі құжаттарды жіберуі тиіс (e-mail арқылы сканерленген құжаттарды жіберу қажет):

 

·    Өтінім;

·    Жеке куәлік көшірмесі (екі жақтан);

·    3*4 фото (электронды нұсқасы);

 

2021 жылдың 01 сәуір күнінен кешіктірілген өтінімдер немесе құжаттарды алдын ала жібермеген қатысушылар тізімі қарастырылмайды.

 

 

ӨТКІЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:

 

1-ші кезең (ЖОО ішінде іріктеу кезеңі) – ЖОО базасында өткізіледі.

 

2-ші кезең (ҚР ЖОО аралығында) – ОНЛАЙН, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында өткізіледі.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІ-ШІ КЕЗЕҢІН (ЖОО АРАЛЫҒЫНДА) ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

 

1 тур: Фортепианода полифония элементтері кездесетін бір акапелла шығармасын орындау (катысушының таңдауы бойынша).

2 тур: Сүйемелдеумен бір шығарманы дирижерлау (опера сахнасынан үзінді, кантатаның, месса, реквием немесе ораторияның бір бөлігі).

 

! Орындалған шығармалардың партитуралары электронды түрде (pdf форматында) samatova_samal@mail.ru поштасына ұсынылуы керек.

 

Бейнежазбаға қойылатын талаптар:

• Бейнежазба Youtube-те немесе осыған ұқсас басқа ресурста орналастырылып, жазбаға сілтеме ретінде жіберілуі керек.

• Бейнежазба орындалатын шығарманың басынан аяғына дейін камераны өшірмей және тоқтатпай жасалады.

• Конкурстың әр тур шығармалары бөлек сілтемелермен жіберілуі керек.

• Жазу кезінде аудиторияның немесе кез-келген басқа жазба кеңістігінің табиғи акустикасы қолданылады.

• Бейнежазбаны кез келген өңдеуге тыйым салынады.

 

Іс-шараны өткізу ережелері:

·         Бірінші кезеңнен өткен ЖОО хор факультеттерінің студенттері Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстарға сәйкес конкурсқа қатысуға жіберіледі.

·         Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың өткен жылдардағы І орын лауреаттары олимпиадаға қатыса алмайды.

·         Өтінімдер, шығарма сілтемелері 2021 жыддың 01 сәуіріне дейін samatova_samal@mail.ru почтасына қабылданады.

·         Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды

 

ӨТІНІМ*

 

Қатысушының аты-жөні ________________________________________

 

Туған күні ____________________________________________________

 

Оқу орнының атауы, курс _______________________________________

 

______________________________________________________________

 

Педагогтың аты-жөні___________________________________________

 

Ұялы телефон (WhatsApp-пен)___________________________________

 

Электрондық пошта ____________________________________________

 

Орындау бағдарламасы

 

1. ________________________________________________________

 

2. ________________________________________________________

 

 

* Өтінім электрондық түрде толтырылады және жіберіледі

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Толтырылған өтінімді жібере отырып, сіз олимпиаданың ережесі мен шарттарымен танысқаныңызды және келіскеніңізді растайсыз.

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс мәліметтері:

 

Тел.: +7 (707) 257 95 92 Самал Саматқызы

сайт: http://www.conservatoire.edu.kz

e-mail: samatova_samal@mail.ru