Menu
info@conservatoire.kz

Домбыра

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факульті 5В040400 – «Дәстүрлі музыкалық  өнер» (Домбыра, үш шекті аспаптар) мамандығы бойынша, Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына және Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған XIII-ші Республикалық студенттік пәндік

олимпиада ережесі

 

 «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығының

 «Домбыра», «Үш ішекті аспаптар» номинациялары бойынша

 

 

Өтетін уақыты: 20 сәуір 2021 жыл

 

Өткізілу орны: Қашықтықтан (Online)

 

Олимпиаданы ұйымдастырушы: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы. Халық музыкасы факультеті.

Олимпиаданың мақсаты: Олимпиада «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік рухани даму бағдарламасы аясында «Ұлы ұстаздан ұлағат» айдарымен қазақ дәстүрлі өнерінің дара тұлғасы, дүлдүл күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына және Қазақ халқының музыкалық білімі мен ғылымының негізін қалаушылардың бірі, академик, өнертану ғылымының докторы, профессор Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналады. Олимпиаданың мақсаты күй анасы Дина Нұрпейісованың күйлерін домбыра аспабында және Ахмет Жұбановтың күйлері мен шығармаларын домбыра, домбыра-прима, шертер, домбыра бас аспатарында нақышына келтіре отырып орындау, насихаттау және шеберлігін байқату.

Олимпиаданың міндеттері:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын іске асыру;
  • Жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми ізденістер мен зерттеулер жүргізу;
  • Білім алушыларды жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау;

§  Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл-өрісін тәрбиелеу;

§  Республика ЖОО орындарының қатысушылары арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.

 

 

Олимпиадаға қатысушылар:

 

·       Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

·       Қазақ ұлттық өнер университеті

·       Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

·       Республикадағы ЖОО –ның музыка факультеттері

 

 

Қатысу шарттары:

2021 жылғы 18 сәуіріне дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық пәндік олимпиада ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, жіберу қажет):

Ø  Өтінім (Қосымша 1);

 

Ø  ЖОО орындары ішілік іріктеу кезеңінен өткен студенттік олимпиада қатысушылары туралы хат (ректор немесе проректордың қолымен) немесе Республикалық студенттік олимпиадаға жолдама (ЖОО-ның Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінді көшірмесі.

Ø  Жеке куәліктің көшірмесі.

Ø  Фото сурет 3х4 (электрондық нұсқасы).

 

Олимпиада талаптары:

·         Олимпиада өткізілуі: қашықтықтан (Online)

·         Қатысушылар сайыс бағдарламасының бейне жазбасын  алдын-ала монтажсыз жазып (бір шығарманы орындап болысымен тоқтатып, келесі шығарманы жазуға болмайды, яғни бейне жазба бір дубльмен жазылу керек), You Tube желісіне жүктеліп, сілтемесін ұйымдастыру комитеті ұсынған, төменде берілген тиісті координатор электрондық поштасына жіберу керек;

·         Республикалық олимпиада лауреаттары қатыса алмайды;

·         ЖОО орындарынан қатысушылар санына шектеу қойылмайды;

·         Тыңдау жариялы (Online) түрде өтеді.

 

Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР-ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады. Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

 

 

Орындаушылық конкурс: жеке бағдарламаны орындаудан тұрады  (15 минут).

                                                                                            

Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу құжаттары 2021 жылдың 18 сәуіріне дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

 

Үйлестірушілер:

«Домбыра» аспабы бойынша - Нурбаева Динара +7 7013282713, d.nurbayeva@mail.ru

 

«Үш ішекті аспаптар» бойыншаКакежанов Ернар   +7 7079665672 Kakezhanov_91@mail. 

 

 «Домбыра» номинациясы бойынша бағдарлама:

 

Домбыра

 

1. Дина Нұрпейісованың бір күйі (қалауы бойынша) (міндетті түрде)

2. Сүгір «Шалқыма» Т.Момбековтың орындауындағы нұсқасы (міндетті түрде) 

3. Қ.Ахмедияров «Шабыт»,  А.Жайымов «Еркін елім», (таңдауы бойынша міндетті түрде) (нота үлгісі қосымша берілді)

 

 «Үш ішекті аспаптар» номинациясы бойынша бағдарлама

 

Домбыра-прима

 

1. Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері, соната екі бөлімнен, сюита үш бөлімнен кем болмау керек, т.с.с.).

2. Ғ. Жұбанова - Юмореска
3. А. Цыганковтың шеберлік көрсететін бір шығармасы.
                      

                                                                 Шертер


1. Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері, соната екі бөлімнен , сюита үш бөлімнен кем  болмау керек, т.с.с.).
2. А. Жұбанов - Романс
3. Шеберлік көрсететін бір шығарма

4. Бір күй
                 

                                                                 Домбыра-бас

1. Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері, соната екі бөлімнен, сюита үш бөлімнен кем болмау керек, т.с.с.).
2. А. Жұбанов - Ария
3. Шеберлік көрсететін бір шығарма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 1

 

Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға өтінім:

Ескерту: өтінім қағазы тек қана компьютерлік нұсқада толтырылуы керек. Толық толтырылмаған өтінім ұйымдастыру алқасында қарастырылмайды.

 

Аты-жөні (толық)

 

Мамандығы (аспабы)

 

Оқу орнының толық атауы

 

Оқытушының аты-жөні (лауазымы, құрметті атақтары)

 

Қатысушының ұялы тел.:

 

 

 

Бағдарлама