Menu
info@conservatoire.kz

Үрмелі және ұрмалы аспаптар

Аспаптық орындаушылық (Үрмелі және ұрмалы аспаптар) мамандығы бойынша                   

XIІI Республикалық студенттік пәндік онлайн олимпиадасы туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

Жалпы ережелер:

 

Өткізу мерзімі: 16-17 сәуір 2021 жыл.

Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасы

Өтетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасында онлайн форматта

Мақсаты: ҚР жоғары оқу орындары арасындағы студенттік Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-танымдық жүйесі мен оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, ең дарынды және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ отандық музыкалық мәдениет пен орындаушылық өнердің үздік дәстүрлерін сақтау және Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық мектептерінің одан әрі ынтымақтастығы мақсатында өткізіледі.

            Қатысу шарты:

Талаптарға сәйкес, ХІІІ Республикалық пәндік студенттік онлайн олимпиада ережесіне сәйкес қатысушы келесі сканерленген құжаттарды (knc.duhoviki@mail.ru e-mail-ге) жолдайды:

Ø Өтінім;

Ø Фото 3/4;

Ø Оқу орнынан анықтама;

Ø Жеке куәліктің көшірмесі (екі жағынан);

Ø Орындалатын бағдарламаны дәл көрсете отырып, толтырылған өтінім парағы (міндетті түрде Microsoft Word форматында);

Ø YouTube арнасында орындалатын конкурстық бейнеге сілтеме.

 

2021 жылғы 10 сәуірден кейін ұсынылған өтінімдер қарастырылмайды.

 

Бейнеге арналған талаптар:

1.      Олимпиадаға қатысушы бейнеге сілтемені Knc.duhoviki@mail.ru поштасына, олимпиаданың соңына дейін бейнеге ашық қол жетімділікпен жіберуі керек;

2.      Бейне сипаттамасында аты-жөніңізді және орындалатын бағдарламаны көрсетіңіз.

Байқау тыңдауларының тәртібі:

1.      Орындалатын конкурстық бағдарламаның бейнежазбасы YouTube арнасына сілтеме жасай отырып, олимпиада үйлестірушісіне өтінімдерді қабылдаудың соңына дейін ұсынылады, ол өз кезегінде қазылар алқасының мүшелеріне конкурстық тыңдаулар өткізілетін күні материалды ұсынады;

2.      Нәтижелерді талқылау ZOOM қосымшасында барлық тыңдаулардан кейін жүзеге асырылады.

Бейне жазу үшін қойылатын техникалық талаптар:

-       Бейнежазба түсіру барысында сыртқы микрофонды пайдалануға рұқсат етіледі (дыбыстық сигналды өңдеусіз);

-       Бейнетүсірілім бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай, жұмыстың басынан аяғына дейін, тоқтатпай және монтажсыз жүргізілуі тиіс. Жазбалар арасында кідірістерге жол беріледі. Бағдарламаны орындау кезінде бейнеде орындаушының қолдары, аспабы мен беті анық көрінуі тиіс;

-       Байқаудың барлық басқа талаптары сақталған жағдайда бейнежазбаның әуесқойлық форматқа рұқсат етіледі. Бейнежазба техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жіберілген өтінім қарастырылмайды.

Өткізу кезеңдері:

1.      кезең (ЖОО ішіндегі, іріктеу) оқу орындарының базасында жүзеге асырылады.

2.      кезең (ЖОО аралық) онлайн, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында жүзеге асырылады.

Олимпиаданың ІІ кезеңін (ЖОО аралық) өткізу тәртібі:

-       Үрмелі аспаптарда ойнау және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу

-       Байқау: бағдарламаны орындау (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон, труба, тромбон, бас-тромбон, валторна, туба, ұрмалы аспаптар).

Олимпиада қатысушылары:

1.      Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – 1-4 курс студенттері;

2.      Қазақ ұлттық өнер университеті – 1-4 курс студенттері;

3.      «Аспаптық орындаушылық» мамандығы, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» мамандығы бойынша білім алатын Қазақстан Республикасы музыкалық факультеттерінің студенттері»;

            Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың өткен жылдардағы І сыйлық лауреаттары қатыса алмайды.

 

ҮРМЕЛІ ЖӘНЕ ҰРМАЛЫ АСПАПТАР НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАР

 

ФЛЕЙТА

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

П. Санкан  

Сонатина

А. Дютийё 

Сонатина

Е. Бёртон

Сонатина

Ф. Допплер

«Венгерская фантазия»

Ф. Допплер

«Валашская фантазия»

С. Прокофьев

Соната I, II әлде III, IV бөлімдері

К. Райнеке

Баллада

П. Таффанель

Фантазия на темы оперы «Вольный стрелок»

3. В.А. Моцарт   Концерт G-dur әлде D-dur I әлде II-III бөлімдері каденциямен.

 

ГОБОЙ

1. Виртуоздық пьеса (5 минуттан артық емес);

2. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

3. Қатысушының таңдауы бойынша:   

К. Крамарж

Концерт F-dur I әлде II-III бөлімдері

Л.А. Лебрен

I часть одного из Концертов

В.А. Моцарт  

Концерт I әлде II-III бөлімдері

А. Паскулли

Концерт

А. Паскулли

Фантазия

КЛАРНЕТ

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:                  

К.М. Вебер

Концертино

К.М. Вебер

Концерт № 1, I әлде II-III бөлімдері

К.М. Вебер

Концерт № 2, I әлде II-III бөлімдері

Э. Габлер

Концерт № 1, I әлде II-III бөлімдері

Э. Габлер

Концерт № 2, I әлде II-III бөлімдері

Л. Шпор

Концерт № 1, I әлде II-III бөлімдері

Л. Шпор

Концерт № 2, I әлде II-III бөлімдері

Л. Шпор

Концерт № 3, I әлде II-III бөлімдері

Л. Шпор

Концерт № 4, I әлде II-III бөлімдері

В.А. Моцарт

Концерт I әлде II-III бөлімдері

3. Қатысушының таңдауы бойынша:

К. Дебюсси

Первая Рапсодия

А. Мессаже

Конкурсное соло

Д. Мийо

Концертный дуэт

Ш.М. Видор

Интродукция и Рондо

Дж. Россини

Интродукция, тема и вариации

Ж. Франце

Тема и Вариации

Э. Боцца

Буколика

Э. Боцца

Кларибель

ФАГОТ

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

М. Бич

Концертино

П.М. Дюбуа

Сонатина-танго

Э. Боцца

Речитатив, Сицилиана и Рондо

А. Дютийё 

Сарабанда и Кортеж

А. Танеман

Соната

К. Сен-Санс

Соната 1-2 әлде 3-4 бөлімдері

К.М. Вебер

Венгерская фантазия

3. Қатысушының таңдауы бойынша:

И. Гуммель

Концерт I әлде II-III бөлімдері

К.М. Вебер

Концерт I әлде II-III бөлімдері

В.А. Моцарт

Концерт B-dur, I әлде II-III бөлімдері

 

      САКСОФОН (АЛЬТ)

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

А. Юяма

Дивертисмент

Г. Готлиб

Концерт

П. Крестон

Соната I әлде II-III бөлімдері

Ж. Синжеле

Концертино

Р. Мучинский

Соната

Ж. Ибер

Камерное концертино

П. Женин

Венецианский карнавал (Фантазия с Вариациями)

Ф. Борн

Бриллиантовая Фантазия на темы из оперы Ж. Бизе «Кармен»

Г. Калинкович

Концерт-Каприччио на тему Паганини

3. Виртуоздық пьеса (5 минуттан артық емес).

 

САКСОФОН (ТЕНОР, СОПРАНО)

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

Г. Готлиб

Концерт

А. Флярковский

Концерт (I әлде II-III бөлімдері)

А. Эшпай                        

Концерт

Э. Вила-Лобос

Фантазия

Г. Калинкович

«Концерт-каприччио на тему Паганини»

Ж. Демерссман

Фантазия на оригинальную тему

Ж. Синжеле

Фантазия

3. Виртуоздық пьеса (5 минуттан артық емес).

 

ТРУБА

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

А. Арутюнян

Концерт для трубы

В. Пескин

Концерт для трубы №1, І бөлім

С. Василенко

Концерт для трубы І бөлім

3. Виртуоздық пьеса (5 минуттан артық емес).

ВАЛТОРНА

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

В.А. Моцарт

Концерт для валторны № 2 әлде №4, I әлде II-III бөлімдері

Р. Штраус

Концерт для валторны №1, I әлде II-III бөлімдері

Р. Глиэр

Концерт для валторны I әлде II-III бөлімдері

К. Вебер

Концертино для валторны

3. Виртуоздық пьеса (5 минуттан артық емес).

ТРОМБОН

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

Ф. Давид

Концертино для тромбона

Л.Э. Ларссон

Концертино для тромбона

А. Нестеров

Концерт для тромбона

Л. Грендаль

Концерт для тромбона

3. Виртуоздық пьеса (5 минуттан артық емес).

 

БАС-ТРОМБОН

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

А. Лебедев

Концертное аллегро

А. Лебедев

Концерт

Э. Заксе

Концерт F-dur

3. Виртуоздық пьеса (5 минуттан артық емес).

 

ТУБА

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (5 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

Р.В. Уильямс

Концерт для тубы

Д. Хаддад

Сюита

А. Лебедев

Концертное Аллегро для тубы с фортепиано

Б. Марчелло

Соната для тубы

А. Лебедев

Концерт для тубы

3. Виртуоздық пьеса (5 минуттан артық емес).

УДАРНЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ

1. Қазақстан композиторларының шығармасы (7 минуттан артық емес);

2. Қатысушының таңдауы бойынша:

Н. Розарио

Концерт для маримбы с оркестром 1 әлде 4 бөлім

A. Gomez

Flamenca

Э. Сежурне

Концерт для маримбы с оркестром 1 бөлім

3. Қатысушының таңдауы бойынша. Малый барабан (5 минуттан артық емес соло).       

 

Әдістеме бойынша тесттерге ұсынылатын әдебиеттер:

1. А. Федотов «Методика обучения на духовых инструментах»;

2. Ю. Ягудин «О развитии выразительности звука»;

3. Ю. Усов «Вопросы музыкальной педагогики».

Толық ақпарат Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның сайтында: www.conservatoire.edu.kz

Олимпиадаға қатысты барлық сұрақтар бойынша хабарласуға:

Нестерова О.В. – Кафедра меңгерушісі, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының аға оқытушысы +7(707)222-93-47

Иманбаев А.К. – «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының хатшысы және оқытушысы +7(707)336-20-70

E-mail: knc.duhoviki@mail.ru

 

 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ

ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК (ОНЛАЙН) ОЛИМПИАДА КЕСТЕСІ

 

Күні

Уақыты

Іс-шара

Өту орны

6В02102 – Аспаптық орындаушылық

Үрмелі және ұрмалы аспаптар

  

 

16 сәуір

09:00 – 10:00

Қатысушыларды тіркеу, салтанатты ашылу, жеребелеу

ZOOM

10:00 – 13:00

Тыңдалым

ZOOM

13:00 – 14:00      

Үзіліс

 

14:00 – 19:00

Тыңдалым

ZOOM

 

17 сәуір

10:00 – 13:00

Тыңдалым

ZOOM

14:00 – 16:00

Тестілеу

ZOOM

17:00 – 18:00

Олимпиада қатысушыларын марапаттау

ZOOM

 

Координатор: Иманбаев Азамат Капуханович +7(707)336-20-70, E-mail: knc.duhoviki@mail.ru