Menu HELPDESK

Халық әні

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Республикалық кіші олимпиадасына қатысу
ЕРЕЖЕСІ

Арнайы орта оқу орындарына арналған (Мамандандырылған музыка мектептері, колледждер)
«Халық әні» «Жыршылар» номинациялары бойынша
  
  Жалпы ережелері:


Мерзімі: 19 сәуір 2022 ж.

Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық әні кафедрасы

Өтетін жері: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, концерттік зал. Мақсаты: Жан-жақты дамыған кәсіби музыкантты қалыптастыру, музыкалық және орындаушылық қабілеттерін дамыту, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру. Оқу-тәрбие процесін        жетілдіру                   және оқушылардың        оқуға         деген              ынтасын      арттыру,    болашақ мамандардың кәсіби қабілетін дамыту, студенттердің оқу және танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру,    сонымен    қатар    отандық    музыкалық    мәдениеттің    және    Қазақстан Республикасының орындаушылық өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.

Олимпиада қатысушылары: Дәстүрлі өнер бойынша Республикалық кіші олимпиадаға (Халық әні) мамандандырылған музыка мектептері мен колледждерінің «Халық әні» және «Жыршылар» дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша оқитын студенттері қатыса алады.

 
  Олимпиада ережелері:


«Халық әні» номинациясы:


1) Халық әні.

2) Халық композиторы.
3) Дәстүрлі ән үлгісінде жазылған қазіргі заман композиторларының бір әні.

 
  «Жыршылар» номинациясы:


1) Өзінің жыршылық мектебінен бір терме.
2) Дастаннан үзінді (бір оқиғаның желісінде 5 минут.


Олимпиаданың шарттары: Қатысуға    өтінімдер     Elza.8181@mail.ru электронды поштасына 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса есептегенде) қабылданады:

- Өтінім (Қосымша 1);
- Жеке куәліктің көшірмесі (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, жіберу қажет).

Олимпиада талаптары:
· Республикалық пәндік олимпиада өткізілуі: дәстүрлі үлгіде (офлайн)
· Сахналық мәдениет үлгісі сақталуы тиіс.
· Олимапиада осыған дейін БАС ЖҮЛДЕ алған қатыспайды.

Студенттік сайыстың жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және Құрманғазы атындағы консерватория дипломдарымен марапатталады.

Олимпиада туралы ақпарат (рәсім, өтініш формасы) қосымшада келтірілген. 

«Халық әні», «Жыршылар» номинациясы бойынша барлық сұрақтарды мына номер арқылы біле          аласыздар.    

Үйлестіруші – Карабалина    Эльза   Жеңісқызы, байланыс   тел: +7-701-362-30-35


Орындар мен дипломдар


Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.


• I орын
- дипломның лауреаты.
II орын - лауреаттың екі дипломы.
III орын - үш лауреат дипломы.


Қазылар алқасы: Барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы.
Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.


Өтінім