Menu HELPDESK

Музыка теориясы

«Музыка теориясы» бойынша ХІV Кіші Олимпиаданы өткізу туралы 

ЕРЕЖЕ


 
Жалпы ережелер


Өтетін күні: 18-19 сәуір 2022 ж.
Өтетін орны: Алматы қ., ҚР МСМ РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы», «Музыкатану және композиция» кафедрасы.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының    Білім және ғылым министрлігі, РММ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы», «Музыкатану және композиция» кафедрасы.
Олимпиаданың мақсаты: жас таланттарды қолдау, зерттеу қызметіне қызығушылықты дамыту, ғылыми білімді тарату және танымал ету.
Олимпиаданың міндеті: Қазақстан Республикасында Музыкалық білім беруді жетілдіру және дамыту.
Қатысушылар: 

«Музыка теориясы» мамандығы бойынша оқитын ОМОО студенттері»:
• ҚР музыкалық колледждерінің - 3,4 курс студенттері;
• ҚР мамандырылған музыкалық мектеп-интернаттарының - 11, 12 сынып оқушылары.

 
Өткізу кезеңдері: 1 және 2 кезеңдер - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында.
Қатысу шарттары: Офлайн форматта Кіші олимпиаданы өткізу ережелері:

1 кезең – эссе ұсыну;
2 кезең – гармония және сольфеджио.


Олимпиада шарттары:


Қатысуға өтінімдер 04.04.2022 дейін келесі электрондық почта арқылы жіберіледі  - galiya.kalymova@mail.ru
Кіші олимпиаданың жеңімпаздары, сондай-ақ олардың ұстаздары Құрманғазы атындағы ҚҰК атынан грамоталар мен дипломдармен марапатталады.

Кіші олимпиада бойынша ақпарат (Ереже, өтінім нысаны) қосымшада орналасқан.
Қатысуға өтінімдерді келесі электрондық адреске    жіберілу керек – galiya.kalymova@mail.ru.
Жоба      ұйымдастырушысы: «Музыкатану      және      композиция» кафедрасының доценті Қалымова Ғалия Дәлелханқызы +7-775-268-38-12,  8 (727) 272 72 34 – «Музыкатану және композиция» кафедрасы

                                                                                     

Қосымша:

1 кезеңге арналған тапсырмалар:

1. Ауызша тапсырма: Техникалық құралдарды (компьютер, интерактивті тақта және микрофон) қолдана отырып, музыкалық мысалдарды көрсете отырып, өз эссе -презентацияны ұсыну. 

Бұл тапсырма тек теориялық білімді, практикалық дағдыларды анықтауға ғана емес, сонымен бірге эрудицияны көрсете алуға, кәсіби қызығушылыққа, материалды ұсынудағы логикалық дәйектілікке, ұйымдастырушылық қабілеттерге, актерлік шеберлікке және т. б. бағытталған.

Баяндама уақыты: 10 минуттан аспайды
Эссе тақырыптарының үлгі бағыттарын Қосымшадан қараңыз (қатысушы өз тақырыбына эссе дайындай алады).

 
Қатысушылар Кіші   олимпиаданы өткізу басталғанға дейін (04.04.2022 ж. дейін) баяндамалар мәтінін жіберуі керек.

 
2 кезеңге арналған тапсырмалар:
1. Гармония:


Кезең түрінде хроматикалық, аккордқа жатпайтын дыбыстарды пайдалана отырып, алшақ тональдіктерге (оқу бағдарлама көлемінде) модуляция орындау. Модуляцияны жанрда (прелюдия, вальс, мазурка, полонез және т.б.) орындау қосымша бағаланады.

 
2. Сольфеджио:


Хроматизм, ауытқу, модуляция, әртүрлі аралас ырғақтары бар бір дауысты нөмерді орындау.
Дайындық уақыты -15 минут.

 
Эссенің тақырыптық бағыттары:

- Қазақстандағы музыкалық ғылым мен білім берудің жалпы теориялық мәселелері;

- Қазақ дәстүрлі музыкасының мәселелері;
- Қазақстанның театр және орындаушылық өнерінің мәселелері;
- «Б.Байқадамовтың композиторлық шығармашылығы», «Шекспир және әлемдік музыка». «И. С. Бах: полифониялық өнердің гүлденуі және гомофониялық ойлаудың пайда болуы». «Шуберт, Шуман, Брамс шығармашылығындағы неміс әнінің эволюциясы». «ХІХ ғасырдағы музыкалық романтизм бағыты: негізгі ерекшеліктері». «Музыкалық импрессионизм бағыты - Француз мектебі композиторларының ізденістері». «Халық бейнесі - «Құдіретті ұйым» композиторларының шығармаларындағы басты кейіпкері». «Орыс музыка мектебінің әлемдік көркем мәдениеттің дамуына қосқан үлесі».

 
Сольфеджио бойынша әдебиеттер тізімі:


· Агажанов А. Курс сольфеджио. Вып. 2. М., 1973.
· Ладухин Н. Одноголосное сольфеджио. М., 1993.

· Качалина Н. Сольфеджио. Одноголосие. Вып. 1. М., 1981.
· Ладухин Н. 1000 примеров музыкального диктанта. М., 1981.
· Резник М. Музыкальные диктанты. М., 1971.


Өтінім