Menu HELPDESK

Музыкалық білім беру

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ОРТА ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ОЛИМПИАДА» ӨТКІЗЕДІ.


 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

Өткізілетін мерзімі: 10-13 сәуір 2022 ж.

Ұйымдастырушылар: ҚР МСМ «Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы», «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасы.

Өткізу орны: ҚР МСМ «Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы» РММ, «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасы.

Мақсаты: кәсіби құзыреттілекті дамыту, болашақ музыка мұғалімдерінің оқу-танымдық, музыкалық-ағартушылық, ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ музыкалық білім берудің отандық педагогикасының үздік дәстүрлерін сақтау, жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру және Қазақстан Республикасының мәдени мұрасына деген қызығушылықты арттыру.

Міндеттері: Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру және дамыту, болашақ мамандардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру.

Қатысушылар: ҚР ТжКББ ұйымдары: 2-4 курстар.

Қатысу талаптары: Халықаралық және республикалық конкурс 1 орын лауреаттары олимпиадаға қатыса алмайды.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Бірінші кезең: Қатысушының таңдауы бойынша екі музыкалық аспаптарда бір шығармадан орындау. (шығарма 7 минуттан аспау керек).

!!! Орындайтын шығармалардың партитуралары электронды пошта арқылы электрондық көшірмесінде (pdf форматында) ұсынылуы керек: moip2020@mail.ru

Екінші кезең: Мектеп әнін дирижерлеу (қатысушының таңдауы бойынша 7 минуттан артық емес).

 

ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ


Күні

Уақыты

Іс-шара

Өткізу орны

10 сәуір 

10:00-11:00 

 Қатысушыларды тіркеу

106 каб.

11:00-16:00

 Қатысушылардың акустикалық дайындығы

Кіші зал

11 сәуір

10:00-11:00

 Салтанатты ашылу, жеребе тарту

Кіші зал

11:00-13:00

 1 тур Үлкен Олимпиаданың бірінші номинация бойынша қатысушыларды тыңдау

Кіші зал

14:00-15:00

 Консерваторияның ПОҚ мастер-классы

Кіші зал

15:00-18:00

 1 тур Кіші Олимпиаданың қатысушыларды тыңдау

Кіші зал

15:00-18:00 

 2 тур Үлкен Олимпиаданың бірінші номинация бойынша қатысушылардың дайындығы 

215 каб.

12 сәуір

11:00-13:00

 1 тур Үлкен Олимпиаданың екінші номинация бойынша қатысушыларды тыңдау

 Конференц зал 

11:00-13:00

 2 тур Үлкен Олимпиаданың бірінші номинация бойынша қатысушылардың дайындығы

Кіші зал

14:00-15:00

 Консерваторияның ПОҚ мастер-классы

Кіші зал

15:00-18:00

 2 тур Кіші Олимпиаданың қатысушыларды тыңдау

Кіші зал

15:00-18:00

 2 тур Екінші номинацияға қатысушылардың шығармашылық тапсырмаларды шешу

215 каб.

13 сәуір

10:00-12:00

 Комиссияның нәтижелерді талқылауы

106 каб.

16:00-18:00

 Олимпиада жүлдегерлерін салтанатты марапаттау

Кіші зал


* ұйымдастырушылар Олимпиаданы өткізу кестесін түзетуге құқылы.

 

Олимпиаданың шарттары: олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 2022 жылдың 01 сәуіріне дейін e-mail: moip2020@mail.ru электрондық поштасы арқылы ұсынылып, хат «КІШІ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ» тақырыбында жіберіледі. 

Кіші олимпиаданың жеңімпаздары, сондай-ақ олардың оқытушылары Құрманғазы атындағы ҚҰК грамоталармен және дипломдармен марапатталады. Әділқазылар алқасының шешімі қайта қарастырылмайды.

Барлық сұрақтарды төмендегі телефон арқылы анықтауға болады: +7-700-754-54-77 (Камила Абдуалыевна).