Menu HELPDESK

Қобыз және баян


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті

«Қобыз және баян» кафедрасы

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ЖОО студенттері арасында XIV Республикалық студенттік пәндік үлкен олимпиадасы» дәстүрлі өнерде (Қыл қобыз, баян, аккордеон) қатысу туралы

Ережесі Жалпы ережелері:


Мерзімі: 2022 жылдың 16 сәуірі

Ұйымдастырушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қобыз және баян кафедрасы.

Өтетін жері: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, оффлайн түрде. Мақсаты: Жан-жақты дамыған кәсіби музыкантты қалыптастыру, музыкалық және орындаушылық қабілеттерін дамыту, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру және оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби қабілетін дамыту, студенттердің оқу және танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру, сонымен қатар отандық музыкалық мәдениеттің және Қазақстан Республикасының орындаушылық өнерінің үздік дәстүрлерін сақтау.

Олимпиада қатысушылары: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дәстүрлі өнер бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік онлайн олимпиадасына ЖОО студенттері арасында қазіргі кезде қыл қобыз, баян, аккордеон пәндерінен дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша оқитын шығармашылық ЖОО, университеттердің музыкалық факультеттерінің студенттері қатыса алады.

 

Дәстүрлі өнер мамандығы бойынша Олимпиада ережелері:

 

Қыл-қобыз номинациясы бойынша:

1. С.Шабельский – Элегия

2. Ықылас – Жез киік І түрі

3. Таңдауы бойынша қылқобызға арналған бір күй

 

Баян, аккордеон номинациясы бойынша:

1. Күрделі формадағы шығарма, I немесе II, III бөлім

2. Қазақстан композиторының шығармасы, немесе өңделген қазақ халық музыкасы

 

Олимпиаданың шарттары: Қатысуға өтінімдер қыл қобыз номинациясы бойынша qobyz.olimpiada@mail.ru электронды поштасына 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса есептегенде) қабылданады.

Қатысуға өтінімдер баян, аккордеон номинациясы бойынша jupiterman@mail.ru электронды поштасына 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса есептегенде) қабылданады. Студенттік сайыстың жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және Құрманғазы атындағы консерватория дипломдарымен марапатталады.

Олимпиада туралы ақпарат (рәсім, өтініш формасы) қосымшада келтірілген. Қыл қобыз номинациясы бойынша барлық сұрақтарды мына номер арқылы біле аласыздар.

Үйлестіруші – Масымханова Ақторғын Бекболатқызы, байланыс тел.+7-702-329-21-91, 

Баян және аккордеон номинациясы бойынша үйлестіруші - Нарымбетов Ғалымжан Маратович, байланыс тел. +7-747-185-07-08


Орындар мен дипломдар


Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

I орын - дипломның лауреаты.

II орын - лауреаттың екі дипломы.

III орын - үш лауреат дипломы.

 

Қазылар алқасы: Барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы.

Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.