Menu HELPDESK

Фольклорлық аспаптар

Білім беру бағдарламасы: 6В02104 – Дәстүрлі музыкалық өнер

(Халық аспаптары/(Фольклорлық аспаптар))


   Шығармашылық емтихандардың бағалануы

 

Талапкерлерді бағалау баламасы:

29-40 балл

Талапкердің орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі, артистизмі, техникалық шеберлігі, шығармалардың авторлық мәтінін сауатты орындалуы.

17-28 балл

Шығармалардың орындаушылық жоспарын түсіне орындау, нота мәтінін нақты білу, музыкалық стилін ұстану. Бірақ, техникалық-динамикалық еркіндік ойдағыдай емес, дыбыс сапасы мен түрлілігі онша байқалмайды.

5-16 балл

Бағдарламадағы шығармаларды тұрақсыз орындау, шығармалардың стилі мен мазмұнын түсінбеу, дыбыс бояуын жеткіліксіз меңгеруі (дыбыс алу, динамика, фразировка, ритм, есту қабілетін қадағалау).

0-4 балл 

Тоқтап қалу, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппаратының тырысуы, тұрақсыздық, белсенділіксіздігі,  дыбыс бояуы, техникалық және көркемдік құралдарының жеткіліксіз меңгеруі, түсуге арнайы бағдарламаның міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТОБЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

6В02104 – Дәстүрлі музыкалық өнер

Мамандандырылуы: Халық аспаптары (Фольклорлық аспаптар)

 

Аталған мамандығықтарға :

1.  музыкалық колледж бітірушілері;

2.  мамандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары;

3. өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері түсе алады.

 

 І. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕМТИХАН

Жеке бағдарламасының жалпы ұзақтығы 15-20 минут:

·     Күрделі формадағы шетел шығармасы (соната немесе концерт)

·     Қазақстан композиторларының бір шығармасы

·     Екі күй ( Біреуі - жылдам, біреуі – орташа немесе баяу қарқында)

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША (ОНЛАЙН) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

1.     Орындаушы берілген талаптар бойынша бағдарламасының видео нұсқасын  (монтаждалмаған, қосалқы оранжировка жасалмаған, қосымша аудио желісі қолданылмаған) You Tube арнасына жүктеп,  1ссылкамен WhatsApp арқылы техникалық хатшыға жіберу қажет (ортақ чат ашылады). Видеотүсірілім түсіру барысында өшіріп, қайта қосуға тиым салынады.

2.     Жазбасына (описание) талапкердің аты-жөні, оқу-орны, телефон нөмірі, орындайтын шығарманың атын жазып қою маңызды.

3.     Құжат тапсырған реттік нөмірі арқылы қабылданады.

4.     Талапкерлерді бағалау ZOOM платформасы арқылы талқыланып, ортақ балы жауапты хатшыға жіберіледі.

 

ВИДЕО НҰСҚА БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

1.     Орындаушының отырысы, яғни, оң, сол қолдары, бет-әлпеті анық көрініп тұруы абзал. Аспабы, видео нұсқа сапасының жақсы, анық болғаны маңызды.

2.       Концертмейстердің жіберген шығарманың аудио нұсқасына қосылып ойнау қажет (өз қаласынан концертмейстер болса қосылып ойнауға болады).

 

ІІ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕМТИХАН 


 Екінші шығармашылық емтихан қашықтықтан (онлайн ZOOM немесе webex meet бағдарламасында) билет бойынша ауызша өтеді

1. Бірінші дәрежелі туыстық модуляция ойыны

2. Гармоникалық секвенция (жоғары/төмен)  ойыны 

3. Жұмыстың бастапқы кезеңінің гармоникалық талдауы

4. Музыкалық нөмірдің парағынан оқу (10-12 такттан бірқалыпты салу)