Menu HELPDESK

Дирижерлеу

Білім беру бағдарламасының тобы
В025-Орындаушылық өнер
Білім беру бағдарламасы:
6В02117 – ДИРИЖЕРЛЕУ

«6В02117 – Дирижерлеу» білім беру бағдарламасына түсуге үміткерлердің алған білімінің алдыңғы деңгейлері, алған мамандығына қарамастан төмендегідей болуы мүмкін:
1.     музыкалық колледж (сhoral conducting, music education), амандандырылған музыка мектебі;
2.     өнер колледжі, гуманитарлық-педагогикалық колледжі;
3.     эстрадалық-цирк училищесі;
4.     жоғары оқу орындары (екінші жоғары білім алу – ақылы негізде).

 
І. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

«Хорды дирижерлеу» мамандығы:

1. Бағдарламаны орындау:

– екі түрлі контрасттық шығармаларды дирижерлау  (біреуі – a cappella, екіншісі - сүйемелдеумен);

– комиссияның таңдауы бойынша хор партитурасын жатқа ойнап беру.

2. Дыбыстық талдау (интервалдар, аккордтар, 1-дәрежелі туыстық модуляциялар).

3. Коллоквиум келесі сұрақтарды қамтиды:

– орындалатын шығарма бойынша  композиторлардың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы мәлеметтер (композиторлық стилінің, жанрының, шығармасының сипаттамасы);

– музыкалық-теориялық пәндер мен хор әдебиетінен жалпы музыкалық дүние танымы.

«Опера-симфониялық дирижерлеу» мамандығы:

Шығармаларды орындау:

– екі түрлі контрасттық шығармаларды дирижерлау (симфонияның бір бөлімі, увертюра, поэма);

– комиссияның таңдауы бойынша фортепианалық шығармаларды жатқа ойнап беру;

2. Дыбыстық талдау (интервалдар, аккордтар, 1-дәрежелі туыстық модуляциялар).

3. Коллоквиум келесі сұрақтарды қамтиды:

– орындалатын шығарма бойынша композиторлардың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы (композиторлық стилінің, жанрының, шығармасының сипаттамасы);

–музыкалық-теориялық пәндер мен опералық және симфониялық әдебиеті бойынша  жалпы музыкалық дүние танымы.

Тапсырушыларға арналған
шығармашылық  емтиханды бағалау критерилері
I – шығармашылық емтихан  

33-45 балл:

Өтініш берушінің жарқын музыкалық деректері бар, мануалдық техникасының барлық әдістерін және музыкалық аспапты еркін меңгерген, авторлық мәтінді сауатты оқитын, туындының мазмұны туралы хабардар, дүниетанымы кең, музыка тарихы мен орындаушылық өнерді терең меңгерген

19-32 балл:

Өтініш берушінің жақсы музыкалық деректері бар, қолдың мануалдық техникасының әдістерін және музыкалық аспапты қанағатпен меңгерген, авторлық мәтінді сауатты оқитын, туынды мазмұны туралы хабардар, мазмұнды, бірақ коллоквиум жауаптары толық аяқталмаған

5-18 балл:

Талапкердің музыкалық деректері мен музыкалық аспапта ойнауының орташа болуы, орындалатын шығарманың стилі мен мазмұнын нашар түсінуі, коллоквиумға нашар жауап беруі, дүние танымының шектеулі болуы

0-4 балл:

Талапкерде музыкалық деректердің жоқ болуы және аспапта ойнау қабілетінің болмауы. Оқуға тусу үшін қойылған талаптарға бағдарламасы сай емес. Коллоквиум сұрақтары бойынша білімі нашар.


ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

ХОРДЫ ДИРИЖЕРЛЕУ

Гармония ауызша – билеттер (модуляция, секвенция ойнау, гармониялық талдау).

Сольфеджио жазбаша  – диктант (2-дауысты біртоналдық хроматизмдермен, диктантта бірінші дәрежелі туыстық және тоналдық ауытқулар кездеседі).


Тапсырушыларға арналған
шығармашылық  емтиханды бағалау критерилері
II – шығармашылық емтихан

33-45 балл:

Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдысын еркін меңгеру.

19-32 балл:

Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.

5-18 балл:

Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру машықтары мен дағдыларының жеткіліксіздігі.

0-4 балл:

Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі.


ОРКЕСТРДІ ДИРИЖЕРЛЕУ

Гармония жазбаша – есеп (ауытқулармен және диатоникалық туыстық тоналдылығымен модуляциямен, аккордтық емес дыбыстармен толықтырылған период түріндегі есеп).

Сольфеджио жазбаша  – диктант (диатоникалық немесе хроматикалық туыстық модуляциясы бар гармоникалық складта 3 дауысты диктант).

Тапсырушыларға арналған
шығармашылық  емтиханды бағалау критерилері
II – шығармашылық емтихан

33-45 балл:

Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; есепті шешудегі гармоникалық функцияларды дәл анықтау; ауытқуларды дәл анықтау, аккордтық емес дыбыстарды белсенді қолдану.

19-32 балл:

Диктантта шамалы дыбыс-жоғары және ырғақты қателердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; гармония бойынша есепті шешудегі шағын қателіктер, аккорд емес дыбыстарды қолдану.

5-18 балл:

Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармония бойынша тапсырмадағы ауытқуларды дәлме-дәл анықтау.

0-4 балл:

Диктант жазу және гармониялық есепті шешу дағдыларының болмауы.