Menu HELPDESK

«ТАЛАПКЕР-2023» ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Шығармашылық емтихандарға қатысуға арналған
құжаттар тізімі:


1)    қабылдау комиссиясы төрағасының атына қабылдау туралы өтініш;

2)    жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа), қосымша бес немесе жеті жылдық музыкалық білімі бар жалпы білім беретін мектепті бітіргені туралы аттестат («Арт-менеджмент») (түпнұсқа);

3)   3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

4)   жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

5)   № 075-У нысанындағы медициналық анықтама (флюорография суреті), 063-нысан және көшірмесі (егу паспорты);

6)   ҰБТ сертификаты;

7)   тіркеу куәлігі немесе әскери билет (ұлдар үшін міндетті);

8)   білім беру грантын беру туралы куәлік (бар болса);

9)   жеңілдіктерді растайтын құжаттар: соңғы үш жылдағы лауреат дипломы – 2021, 2022, 2023 (түпнұсқа және көшірме), жетімдерге ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік және т. б., талапкердің мүгедектігі туралы анықтама;

10) құжаттардың барлық түпнұсқалары сканерленген түрде CD дискіде немесе флеш-картада;

11) қағаз папка, 6 файл, конверт (фотосуреттер үшін).

   

Құжаттарды қабылдау екі міндетті тәсілмен жүзеге асырылады:


1. Платонус ААЖ арқылы құжаттарды электрондық форматта беру http://185.217.181.83 / 20 маусымнан 07 шілдеге дейін. Құжаттарды сканерлеген кезде барлық әріптер, қолтаңбалар және мөрлер анық көрінуі тиіс;
2. Құжаттарды 20 маусым мен 7 шілде аралығында консерваторияның қабылдау комиссиясына (Алматы қ., Абылай хан даңғылы 86) қағаз түрінде тапсыру.