Menu HELPDESK

Домбыра

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы

Халық музыкасы факультеті

«Домбыра» кафедрасы

7М02104- «Дәстүрлі музыка өнері»

Мамандандырулар: (Домбыра, домбыра прима, домбыра бас, шертер, сыбызғы, сазсырнай, жетіген)

 

ІІ.  КЕШЕНДІ ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ

1.     МАМАНДЫҚ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЕМТИХАН

Мамандық бойынша кешенді емтихан жеке бағдарламаны орындау мен коллоквиум сұрақтарына жауап беру арқылы өткізіледі.

 

Мамандандыру «Домбыра»

 

Жеке бағдарламасының жалпы ұзақтығы 20-30 минут:

1. Фортепиано аспабының сүйемелдеуімен классикалық жанрдағы шетел композиторының бір күрделі формадағы шығармасы.

2. Жәй екпінде орындалатын бір күй

3. Шертпе стилінде орындалатын бір күй

4. Техникалық мүмкіндігін көрсететін жылдам екпінде  бір күй

5. Қазіргі заман композиторларынан бір күй

 

Мамандандыру «Шертер, Домбыра прима, Домбыра бас»

 

Жеке бағдарламасының жалпы ұзақтығы  20-30 минут:

1. Күрделі түрдегі  бір шығарма (Концерт, соната және с.с.)

2. Шеберлікті көрсететін орыс (Ресей) композиторының шығармасы

3. Кантилена сипаттағы шетел (батыс Европа) композиторының бір шығармасы

4. Қазақстан композиторының бір шығармасы

5. Шертерде орындаушыларға 1 күй

 

Мамандандыру «Сазсырнай, жетіген, сыбызғы»

 

Жеке бағдарламасының жалпы ұзақтығы 20-30 минут:

1. Күрделі түрдегі шығарма (соната 1 немесе 2,3 , бөлімдері)

2.Шетел композиторының кіші формадағы техникалық шеберлікті көрсететін бір шығармасы

3. Сазсырнайға арналған арнайы Қазақстан композиторының шығармасы

4. Әр түрлі (баяу және жылдам ырғақты)  2 күй.

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Халық музыкасы факультеті

Домбыра кафедрасы

Мамандығы: 7М02104 - «Дәстүрлі музыка өнері»

Мамандандырылуы: «Сазсырнай, сыбызғы, жетіген»

«Фольклорлық аспаптар» бойынша коллоквиум сұрақтары:

 

Коллоквиум:

 

1.       Сазсырнай аспабының тарихы, аспап жайлы деректер

2.       Аспаптың даму жолдары, қолданысы

3.       Сазсырнайдың құрылысы, репертуары, басқа аспаптардан ерекшелігі

4.       Оркестр, ансамблдегі аспаптың ролі

5.       Қазақстандағы сазсырнай аспабында орындаушылар

6.       Аспап жайлы ғылыми еңбектер

7.       Сазсырнай аспабындағы  шығарма орындау кезіндегі қиыншылықтарды жеңу тәсілдері

8.       Күрделі жаттығуларға қандай жаттығулар жатады және олардың көмегі жайлы айту

9.       Халық аспаптарына арналған жаңа шығармалар, әдебиеттер

10.   Қазақстандағы саз сырнай аспабында орындаушылар

11.   Халық аспаптарына арналған жаңа шығармалар, әдебиеттер

12.   Мамандық бойынша класстарда штрихтармен жұмыс істеу әдістері

13.   Дем шығару техникасын жетілдіруге арналған жаттығулар

14.   Қазақстан композиторларының стилистикалық ерекшеліктерін, ұлттық нақышта жазылған шығармаларын талдау

15.   Шетел классик композиторларының шығармаларын ең шебер музыканттардың орындауында тыңдап, салыстырмалы талдау

16.   Шығармалардың әр түрлі қиындықтарына байланысты штрихтарды таңдай білу

17.   Шығарма мен өзіндік жұмыс жасаудың түрлері

18.   Әр түрлі авторлардың транскрипциясын түпнұсқа мен салыстырмалы түрде талдау

19.   Күрделі шығармалардың орындаушылық сараптамасы

20.   Кіші көлемдегі шығармалардың орындаушылық сараптамасы

21.   Орындаушылық шеберліктің бөліктері (интонация, дыбыс, әуен т.с.с.)

22.   Шығармалардың музыкалық мазмұнын талдау

23.   Орындаушының көркемдік талабын қалыптастырудағы рухани мәдениетті дамыту жолдары

24.   Жетіген аспабының шаққан уақыты?

25.   Алғашқы жетіген аспабын енгізуші?

26.   Жетіген аспабында алғашқы орындаушылар?

27.   Оқу процесіне қай жылдан бастап енді?

28.   Қазақ елінде қай жылдан бастап жітеген аспабы орындала бастады?

29.   Жетіген аспабы көп ішектілердің қай түріне жатады?

30.   Жетіген аспабының классификациясы?

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Халық музыкасы факультеті

Домбыра кафедрасы

Мамандығы: 7М02104 -«Дәстүрлі музыка өнері»

Мамандандырылуы: «Домбыра прима, Домбыра бас, Шертер»

«Үш ішекті аспаптар» бойынша коллоквиум сұрақтары:

 

Коллоквиум:

 

1. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің тарихы.            

2. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріндегі прима-тобы және үш ішекті аспапты аспаптар туралы (алғашқы және кейінгі орындаушылар).

3. Консерватория тарихы туралы (нешінші жылы ашылды алғашқы және кейінгі ректорлар).

4. Халық музыкасы факультетінің тарихы.

5. Домбыра-прима аспабының алғашқы ұстаздары   (Алматы музыкалық колледжі, консерватория)                                    

6. Домбыра примаға арналған алғашқы шығармалардың авторлары кімдер және осы аспапқа арнап алғашқы жинақты кім құрастырды?         

7. Шертер аспабының оқу жүйесіне енуі және шертерді оқытуға арналған алғашқы бағдарламалар мен нота жинақтарының авторы, кейінгі шыққан кітаптар мен авторлар туралы.                

8. А.Жұбановтың еңбектері туралы (атқарған істері,  кітаптары,шығармалары, т.с.с.)    

9. Орыс халқының домра аспабының тарихы туралы.  

10.Үш ішекті аспаптардың Қазақстанда пайда болуы.

11. Домбыра-прима аспабының оркестрдегі ролі, функциясы. 

12. Қазақстанның көрнекті композиторларын атап шық.

13. Қазақстандағы халық аспаптар оркестрлері туралы.

14. А.Жұбановтың аспаптарға арналған шығармалары.

15. Халық аспаптары кафедрасының (факультетінің) алғашқы түлектері     («Алғашқы алтау»).

16. Өнер зерттеуші Б.Сарыбаевтың  өмірі  мен еңбектері.

17. Қазақстандағы фольклорлық ансамбльдер тарихы.

18. Орындаушы, композитор А.Цыганковтың шығармашылығы, орындаушылық ерекшеліктері, шығармалары.

19. Ресейдегі домра аспабында шебер орындаушылар, белгілі ұстаздар.

20. Домбыра-приманың оқу, концерттік репертуары, орындаушылық анализ. 


 

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

Халық музыкасы факультеті

Домбыра кафедрасы

Мамандығы: 7М02104 - «Дәстүрлі музыка өнері»

Мамандандырылуы: «Домбыра» бойынша коллоквиум сұрақтары:

 

Коллоквиум:

 

1.     Тарихи күйлер және олардың жанрлық ерекшеліктері (мазмұнына байланысты, құрылымдық ерекшелігіне орай даму сатысын жүйелеу, жанрлық сипатын анықтау).

2.     Күй өнерінің зерттеу еңбектеріне шолу (кезеңдік жүйелігі, ғылыми маңыздылығы, жаңалығы, өзекті мәселесі т.б.).

3.     XIX-XX ғасырлардағы күйшілік өнер қақында (домбыра өнері «Алтын ғасыры» мен жаңа заманының жалғастығы және жаңалығы).

4.     Күй өнеріндегі қалыптасқан орындаушылық мектептер жөнінде (4 мектептен 6 мектеп, қәзіргі 11 күйшілік мектеп негіздері және ерекшелігі).

5.     Құрманғазының күйшілік дәстүрі. Орындаушылық ерекшеліктері, өнерін жалғастырушылар (күйшінің жаңалығы, стильдік ерекшелігі, мұрасының мол жетуінің себептері, тарихи өмір сүрген кезеңінің әсері).

6.     Дәулеткерей дәстүрі. Орындаушылық ерекшеліктері, өнерін жалғастырушылар (күйшінің жаңалығы, стильдік ерекшелігі, мұрасының мол жетуінің себептері, тарихи өмір сүрген кезеңінің әсері).

7.     Тәттімбет дәстүрі. Орындаушылық ерекшеліктері, өнерін жалғастырушылар (күйшінің жаңалығы, стильдік ерекшелігі, мұрасының мол жетуінің себептері, тарихи өмір сүрген кезеңінің әсері).

8.     Арқа мектебінің орындаушылық ерекшеліктері. Көрнекті өкілдері.

9.     Қазанғап дәстүрі. Орындаушылық ерекшеліктері, өнерін жалғастырушылар (күйшінің жаңалығы, стильдік ерекшелігі, мұрасының мол жетуінің себептері, тарихи өмір сүрген кезеңінің әсері).

10. Сүгір дәстүрі және Қаратау күйшілік дәстүрі. Орындаушылық ерекшеліктері, өнерін жалғастырушылар.

11. Дина дәстүрі. Орындаушылық ерекшеліктері, жеке күйшілік мектеп қалыптаструдағы әдіс амалдары, себеп салдары, күй өнеріне әкелген жаңалығы.

12. Маңғыстау күйшілік дәстүрі. Көрнекті өкілдері (айтыс өнері, мифологиялық мазмұны, мимикалық әдістері).

13. Жетісу күйшілік дәстүрі. Көрнекті өкілдері (күй құрылымдық ерекшелігі).

14. Сыр өңірінің күйшілік дәстүрі. Көрнекті өкілдері (зерттеу саласына кеш іліну себептері, салалас өнер дамуының әсері).

15. Домбыра мен фортепианоның сүйемелдеуінде орындаған шығармаларын талдап көрсету (арнайы және шетелдік).

 

 

 

1.     МАМАНДЫҚ БОЙЫНША (ОНЛАЙН) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

1. Орындаушы берілген талаптар бойынша бағдарламасының видео нұсқасын  (монтаждалмаған, қосалқы оранжировка жасалмаған, қосымша аудио желісі қолданылмаған) You Tube арнасына жүктеп,  1ссылкамен WhatsApp арқылы техникалық хатшыға мына (87013282713) телефон нөміріне жіберу қажет (ортақ чат ашылады). Видеотүсірілім түсіру барысында өшіріп, қайта қосуға тиым салынады.

2. Жазбасына (описание) талапкердің аты-жөні, оқу-орны, телефон нөмірі, концертмейстердің аты-жөні, орындайтын шығарманың атын жазып қою маңызды.

3. Құжат тапсырған реттік нөмірі арқылы қабылданады.

4.Коллоквиум сұрақтары және талапкерлерді бағалау ZOOM, Google meet платформасы арқылы талқыланып, ортақ балы жауапты хатшыға жіберіледі.

 

ВИДЕО НҰСҚА БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

1.Орындаушының отырысы, яғни, оң, сол қолдары, бет-әлпеті анық көрініп тұруы абзал. Аспабы, видео нұсқа сапасының жақсы, анық болғаны маңызды.

2. Концертмейстердің жіберген шығарманың аудио нұсқасына қосылып ойнау қажет (өз тарапынан концертмейстер болса қосылып ойнауға болады).

 

Комиссия сапасыз бейнежазбадан бас тартуға құқылы.

 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Мамандық бойынша шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасы  35 баллды құрайды. Ең төменгі өту балы – 9.

27-35 балл (өте жақсы)

17-26 балл (жақсы)

9-16 балл (қанағаттанарлық)

0-8 балл (қанағаттанарлық емес)