Menu HELPDESK

Қ. Ахмедияров атындағы «Күй-Ұран» Халықаралық жеке домбырашылар және халық аспаптарында орындаушылар байқауында студенттеріміз үздіктер қатарынан көрінді

Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, дәулескер күйші, дирижер, композитор Қаршыға Ахмедияров атындағы «Күй-Ұран» Халықаралық жеке домбырашылар және халық аспаптарында орындаушылар байқауының жүлдегерлері жарияланды.

Атырау қаласында өткен байқауда консерваториямыздың студенттері үздік өнер көрсетіп, жеңімпаздар қатарынан көрінді. «Домбыра» номинациясы бойынша аға оқытушы Салтанат Құдайбергенованың шәкірттері: 2-курс студенті Сүндет Абдужаппаров I орынға ие болып, 3-курс студенті Жақсылық Ажмұханов дипломант атанды. 


Ал «Үш ішектілер» номинациясы бойынша доцент Зәмзәгүл Ізмұратованың шәкірттері: 4-курс студенті Рания Айдын I орынды иеленсе, 1-курс студенті Ерік Шәмшедин дипломант атанып отыр.



Жеңімпаз студенттеріміз бен олардың ұстаздарына құтты болсын айтып, шығармашылық табыстарыңыз көп болсын дейміз.

Альбомдарға оралу