Menu HELPDESK

«Өлеңім - өмірім»



2022 жылдың 7 желтоқсанында консерваторияда ӘГП кафедрасына қарасты Қазақ және шетел тілдері секциясының ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ақыны, халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңім - өмірім» атты музыкалық-әдеби кеш өтті.


Кеште студенттер ақынның өлеңдері мен поэмаларын «Туған жер, Отан», «Тіл туралы», «Достық туралы» «Қыздарға, әйел қауымына», «Жастық шақ, махаббат» сияқты тақырыптарда 5 цикл бойынша жүйелеп, оқып шықты. Сонымен қатар, білім алушыларға белгілі қаламгердің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беріліп, ақынның сөзіне жазылған лирикалық әндер де көрерменнің көңілінен орын тапты. «Өнер мен әдебиет – егіз ұғым» десек, музыка өнерінде жүрген жастардың поэзияға деген құштарлығы бүгінгі кеште айқын көрінді. Осындай әдеби-музыкалық кештер арқылы жастарды халқымыздың өнерін, тарихын, әдебиетін, тілін білуге, құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.


Тағылымды кездесуді консерваториясының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы өзінің жастарға деген өнегелі әңгімесімен қорытындылады.



















Альбомдарға оралу