Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы ҚҰК қызметкерлері Министр марапатына ие болды



31 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев ҚР мәдениетін, өнерін, рухани әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен сіңірген зор еңбектері үшін өнер-білім ордасының профессор-оқытушылық құрамына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарын табыс етті.

«Вокалдық өнер» кафедрасының доценті Сәуле Абралқызы Нұрғалиева, «Ансамбль өнері» кафедрасының доценті Наиля Яхиевна Баяхунова, сондай-ақ «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті Марлена Тастемірқызы Қойлыбаева «Құрмет» грамотасына ие болса, «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Диана Ерболатқызы Махмұдқа, «Дирижерлеу» кафедрасының оқытушысы Самал Саматқызы Жауылшақоваға, Персоналмен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Әсем Серікқызы Сыдықоваға, Қаржы-экономикалық бөлімінің қызметкері Альмира Дуанбекқызы Иманқұловаға және Полиграфия бөлімінің басшысы Нелли Маратқызы Хасановаға «Алғыс хаттар» табысталды.

Ректор А.Әділханұлы марапат иелерін құттықтап, атқарған істеріне оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.















Альбомдарға оралу