Menu HELPDESK

«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының есеп беру концертіне шақырамыз!

28 мамыр күні сағат 17:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының есеп беру концерті өтпек. Концертте кафедра ұстаздары, магистранттары және студенттері өз өнерлерін ортаға салатын болады.

Мерекелік шараға өнер-білім ордасының атын әлем елдерінде танытып жүрген ұжымдар атсалыспақ. Мәселен, Студенттік үрмелі аспаптар оркестрі, Профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов жетекшілік ететін «Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті», Флейташылар ансамблі, Саксафоншылар ансамблі, Ұрмалы аспаптар ансамблі, Валторнашылар ансамблі, Трамбоншылар ансамблі және Кернейшілер ансамблі аспапта орындаушылық шеберліктерімен бөлісетін болады.

Нағыз таланттардың өнерін тамашалағыларыңыз келсе, концерт көрермені болуға асығыңыздар! Мерекелік кештен шет қалмауларыңызды сұраймыз! Келем деушілерге есігіміз ашық!


28 мая 17.00 БКЗ каз.jpeg
Альбомдарға оралу