Menu HELPDESK

Консерваториямыздың 1 курс докторанты Имае Әсел Назымбекқызы Creative Sparks халықаралық жобасына қатысып жатыр

content-img.png

Арт-менеджмент мамандығының 1 курс докторанты Имае Әсел Назымбекқызы Creative Sparks халықаралық жобасына қатысып жатыр. Халықаралық топтың құрамына Ұлыбритания, Қазақстан, Украина және Польша өкілдері кіреді. Creative Sparks – бұл Британдық Кеңестің Ұлыбританияның университеттері мен білім беру мекемелері және креативті экономиканы дамыту мақсатында креативті кәсіпкерлік дағдыларын дамыту саласындағы жобаға қатысушы елдер арасындағы халықаралық әріптестікті дамыту жөніндегі бес жылдық бағдарлама. Жобаға Орта Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Азейрбайджан, Армения, Грузия) және Украина елдері қатысып жатыр.

Осы кезеңде "COVID-19 пандемиясының музыка индустриясына әсері" сауалнамасы жасалды. Зерттеу Британдық кеңестің қолдауымен Creative Spark Higher Education Enterprise Programme зерттеу жобасы аясында Хенли Бизнес мектебі, Ұлыбритания Рединг университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Осы зерттеудің мақсаты Қазақстандағы музыка индустриясына COVID-19 пандемиясының әлеуметтік және экономикалық әсерін зерттеу болып табылады. Жобаның мақсатты аудиториясы - музыканттар, суретшілер, фрилансерлер, композиторлар, әншілер және осы салаға қатысы бар басқа да тұлғалар. Осы деректерді жинау арқылы біз COVID-19 пандемиясының ықтимал салдары туралы білімді кеңейте аламыз, сонымен қатар егер мүмкін болса, бүкіл ел үшін әсер ету саясатын қадағалай аламыз.



Альбомдарға оралу