Menu HELPDESK

1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қымбатты достар!  2021 жылдың 1 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының факультет декандары, кафедра меңгерушілері және куратор-эдвайзерлерінің қатысуымен 1 курс студенттерімен онлайн және офлайн форматта кездесулер өтті. Кездесу барысында консерватория ұстаздары студенттерді 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтап, консерваторияның екі корпусында өтіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты аралас оқу үлгісінің мән-жайын, биылғы оқыту форматын түсіндірді.

Студенттерге оқу жұмыстарына және кредиттік технологияға қатысты толық ақпарат беріліп, консерваторияның сайты, академиялық күнтізбе, оқу жұмыс жоспары мен басқа да қосымша ақпараттар берілді.

Бірінші курс студенттері «Платонус» автоматтандырылған ақпарат жүйесімен жұмыс істеу әдістерімен танысты. Нақтырақ айтсақ:

-         Оқытушылардың пәндеріне тіркелу;

-         Тапсырмаларды алу және орындалған жұмыстарды жүктеу әдістері;

-         Жеке жоспарларын жасау;

-         Академиялық үлгерімінен ақпарат алу және т.б.;

Сонымен қатар, семестраралық бақылаудың және қысқы-жазғы емтихандардың өту үлгісі мен бағалануы, кәсібилікті арттыруға және академиялық ұтқырлықтан өту мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар да берілді. Оқу барысындағы тәртіп, жатақханада тұру ережелері, кітапхана қорымен дұрыс жұмыс істеу және консерваторияның негізгі құрылымдық бөлімдері жайына сөз қозғалды.

Сондай-ақ, студенттер де өз тараптарынан сұрақтар қойып, топтық сабақтардың өту үлгісі, халық аспаптары оркестрінің, симфониялық оркестрдің және үрмелі оркестр сабақтарының өту үлгісіне қатысты сауалдарына жауап алды. 

WhatsApp Image 2021-09-02 at 15.59.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2021-09-02 at 15.59.38.jpeg


WhatsApp Image 2021-09-02 at 15.59.37.jpeg
Альбомдарға оралу