Menu HELPDESK

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

Қымбатты достар! 2020 жылдың 19 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың Рухани мұрасы және қазіргі заманғы өнертанудың өзекті мәселелері» атты онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық болуы тиіс». Конференцияның басты тақырыптары - ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі Абай мұрасының тағдыры, композитор шығармаларының ұлттық музыкалық мәдениеттің дамуы контексіндегі рөлі мен маңызы, қазіргі дәстүрлі, концерттік тәжірибедегі Абай мұрасы.

Конференцияға алыс және таяу шет елдердің танымал ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері, жас зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады. Атап айтқанда:

- АҚШ-тың Оңтүстік Каролина университетінің қауымдастырылған профессоры – Анна Олдфилд;
- Болгария астанасы София қаласындағы «Проф. Панчо Владигеров» ұлттық музыка академиясынан өнертану докторы – Мануэла Бончева;
- П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, өнертану докторы – Виолетта Юнусова;
- Ташкенттік қонағымыз, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының оқытушысы - Аманмурадов Шохрат Чарыевич;
- Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің магистранты – Молдалим Тоқжан Жақсылыққызы.






Альбомдарға оралу