Menu HELPDESK

Ахмет Жұбанов және Ғазиза Жұбановаға арналған вокалдық музыка кеші өтті


2022 жылдың 6 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Шопен атындағы камералық залында профессор Авхий Хавлаш класында тәлім алатын 4-курс студенті Нұрбол Артықбаевтың жеке орындауында концертмейстерлер Саяра Сетекова мен Ғимарат Ерназардың және виолончель аспабында орындаушы Нұржан Жүсіптің қатысуымен қазақ кәсіби музыкасының дамуына теңдессіз үлес қосқан тұлғалар – Ахмет Жұбанов және Ғазиза Жұбановаға арналған вокалдық музыка кеші өтті.

Сондай-ақ, «GAZIZA» I Халықаралық орындаушылар байқауы аясында өткен вокалдық музыка кешінде Ғ.Жұбанованың Л.Зельцердің өңдеп түсіруіндегі «Мерекелік увертюра» атты шығармасын фортепианолық дуэт орындады.

Нұрболдың өнеріне және шығармашылығына қолдау білдіріп КСРО Халық артисі, Ресей мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Р.Щедрин және КСРО Халық артисі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Б.Төлегенова өз құттықтауларын жолдап отыр. Консерватория ұжымы да жас өнерпаздың шығармашылық табыстарға жетіп, өнердің биік шыңына шыға беруіне тілектестік білдіреді.





Альбомдарға оралу