Menu HELPDESK

«Аспаптық орындаушылық» факультетінің 3-курс студенті Дәркенбаева Аружанды жеңісімен құттықтаймыз!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Аспаптық орындаушылық» факультетінің 3-курс студенті Дәркенбаева Аружан Әзірбайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігі және ИСЕСКО ұйымының қолдауымен, «Каинат» Жастар орталығы өткізген Ислам елдері арасындағы жас орындаушыларға арналған (20 жасқа дейінгі) классикалық музыканың IX Халықаралық онлайн-байқауында 2-орынға ие болды.

Қазылар алқасының төрайымы - У.Гаджибеков атындағы Баку музыкалық академиясының проректоры, Әзірбайжан Республикасының халық артисі, профессор Егяна Ахундова болды.

Консерватория ұжымы студентімізді шын жүректен құттықтайды!


Альбомдарға оралу