Menu HELPDESK

Атақты дирижер Ренат Салаватов консерваторияда қонақта болды

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дирижер, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның халық артисі, Ресейдің еңбек сіңірген артисі Ренат Салаватов қонақта болды. 

Сыйлы қонағымызды Ректор аппараты қызметінің басшысы Ермек Скаков қабылдап, Ренат Салаватұлына 2020-жылы беріліп, пандемия жағдайына байланысты өзіне табысталмай қалған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры» атағының құжатын арнайы табыстады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында бірнеше жыл қызмет атқарып, Ресейдегі және Еуропаның бірқатар елдеріндегі айтулы театрларда жемісті еңбек еткен атақты маэстро - қазіргі таңда Татарстанның Мұса Жәлел атындағы академиялық мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері. Консерватория ұжымы Ренат Салаватұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, шығармашылық табыстар тілейді!



Альбомдарға оралу