Menu HELPDESK

Айзада Сайфоллақызын ғылымдағы жаңа белесімен құттықтаймыз!



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті басшысының 2020 жылғы 12 қарашадағы «Ғылыми атақ беру жөніндегі» №448 бұйрығы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің деканы, өнертану кандидаты Нүсіпова Айзада Сайфоллақызына 17.00.00 – Өнертану саласы бойынша "Қауымдастырылған профессор" атағы берілді.

         Консерватория ұжымы Айзада Сайфоллақызын ғылымдағы шыққан жаңа белесімен құттықтап, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбекте толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейді.

Альбомдарға оралу