Menu HELPDESK

Қазақстанның Халық артисі, профессор Гауһар Мырзабекованың кластық концерті өтті




19 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ Ұлттық музыка академиясының академигі, «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблінің негізін қалаушысы әрі көркемдік жетекшісі, қазақстандық әлемге әйгілі скрипкашы, педогог, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Гауһар Құрманбекқызы Мырзабекованың кластық концерті өтті.

Концерттік бағдарламада А. Вьетанның скрипка мен оркестрге арналған 5-концерті, Ф. Мендельсон скрипка мен оркестрге арналған концертінің І бөлімі, С. Прокофьевтің І концертінің ІІ және ІІІ бөлімдері, П. Чайковскийдің концертінің І бөлімі, А. Глазуновтың скрипка мен оркестрге арналған концерті, Я. Сибелиустың скрипка мен оркестрге арналған концертінің І, ІІ, ІІІ бөлімдері орындалды. Орындаушылар қатарында Шанайя Шакир, Леонид Константинов, Тоғжан Шәкерімова, Мәншүк Қазиева, Әділет Әбдірахманов, Айлин Акинер, Абзал Әшкенов бар. Фортепианода сүйемелдеген Шолпан Оңғарова. Концертке жиналған көрермен орындаушылардың кәсіби шеберліктеріне тәнті болды.













Альбомдарға оралу