Menu HELPDESK

Батырхан Шүкенов атындағы стипендия иегерлерінің есімдері белгілі болды.

  Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қоры Болат Өтемұратов атындағы қордың қолдауымен 2020-2021 оқу жылына тағайындаған Батырхан Шүкенов атындағы стипендия иегерлерінің аттарын жариялады. Жеңімпаздар қатарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының 3 курс студенті Санжар Қадырбеков және 2 курс студенті Шілдебаева Айғаным бар. Қоғамдық қор белгілеген шәкіртақы көлемі жоғары оқу орны тәлімгерлері үшін 500 000 теңгені құрайды. Жеңімпаз студенттерімізді үлгі боларлық жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.





Альбомдарға оралу