Menu HELPDESK

Байқаудың лауреаттығын жеңіп алды

И.П. Мозговенконы еске алуға арналған Үрмелі және ұрмалы аспаптар орындаушыларының IV Халықаралық байқауы 2022 жылғы 16-18 желтоқсан күндері Зағира Исмагилова атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтында, онлайн форматта өтті. 


Аталмыш байқауда «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» аталымы бойынша өткен сайыста аға оқытушы Олеся Викторовна Нестерованың сыныбында оқитын Ақтоты Ерболатқызы Ахмедьярова – «Ағаш аспаптар» аталымы бойынша үлкен топта II дәрежелі лауреат дипломын иеленді, концертмейстері Гүлназ Ғаянқызы Қосаманова. Аға оқытушы Қанат Тұңғышбайұлы Ботабаевтың сыныбында білім алып жүрген Расулла Русланұлы Файзулла – «Ұрмалы аспаптар» аталымы бойынша үлкен топта II дәрежелі лауреат димломын иемденді, концертмейстері Динара Болатқызы Ысқақова.

 

И.П. Мозговенконы еске алуға арналған Үрмелі және ұрмалы аспаптар орындаушыларының IV Халықаралық байқауында лауреат атанған Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының студенттерін ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!





Альбомдарға оралу