Menu HELPDESK

Баян мен аккордеон фестивалі басталды



2022 жылғы 7 желтоқсан күні Құрманғазы ат. ҚҰК А. Жұбанов атындағы Кіші залда ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор Анатолий Гайсиннің 70 жасқа толу мерейтойына арналған VІІ Халықаралық баян мен аккордеон фестиалі шымылдығын түрді.


Фестиваль шаралары Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен магистранттарының концертімен басталды. Шара аясында 8 желтоқсан күні консерваторияның Ф. Шопен атындағы камералық залында РФ Еңбек сіңірген артисі Ю. Шишкиннің шеберлік сыныптары өткізіліп, жеке концерті беріледі. Сондай-ақ Б корпусының №400 дәрісханасында ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор А. Гайсиннің шеберлік сыныптары өтпекші. Ал желтоқсанның 10 күні Е. Рахмадиев ат. Үлкен концерт залында фестиваль шымылдығын түсіретін гала-концерт жоспарланып отыр.













Альбомдарға оралу