Menu HELPDESK

Дәстүрлі музыканың зерттелу мәселелері



2022 жылғы 8 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кәрима Сахарбаеваның 70 жылдық мерейтойының құрметіне арналған «ХХІ ғасырдағы дәстүрлі музыка: зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған шараны Алматы қалалық «Алматы», республикалық «СТВ» және «Абай ТВ» телеарналары түсіріп, халық назарына ұсынуда.


Басқосу аясында мерейтой иесіне еліміздің бірнеше облысынан келген өнер ошақтарының басшылары мен өкілдері сый-сыяпаттар беріп, еңбек жолында істес болған әріптес замандастары мен шәкірттері естеліктермен бөлісті. Сондай-ақ авторлары Айтқали Жайымов, Біләл Ысқақов, Кәрима Сахарбаева және Арман Жайым болып саналатын «Домбыра сазы» атты кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты.


Конференция жұмысы осы күні кешке консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында, «Дәстүрлі өнер – алтын арқау» атты концертке ұласып, 9 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы ҚҰК Мәжіліс залында жалғаспақшы. Онда өнер қайраткерлері және зерттеуші ғалымдар шеберлік дәрістерін өткізеді.















Альбомдарға оралу