Menu HELPDESK

Ермұрат Үсеновтың «Бабалар аманаты» атты авторлық кеші



2022 жылы 5 желтоқсан күні консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсеновтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Бабалар аманаты» атты авторлық кеші өтті.

Аталмыш кеште консерваториямыздың студенттік симфониялық оркестрі, студенттік аралас хоры, қыл-қобызшылар және домбырашылар ансамблі, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Талғат Күзембаев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Алпысбаева Аружан, Рысбек Асқар, Сейілхан Аманбол, Нұрғалиұлы Шыңғыс, Кенжеғалиқызы Сағыныш, Қияш Бақытжан, Толқынай Мұхаметжан сынды әншілер өнер көрсетті.

Ермұрат Үсенов өз шығармашылығында қазақы нақышқа үлкен мән беретін кәсіби композитор, көрнекті ұстаз ретінде танылды. Ол қазақ халық аспаптары оркестріне, симфониялық оркестрге, хорға арналған шығармалармен қатар домбыра, қылқобыз, сазсырнай, шертер сияқты жеке ұлттық аспаптарға арналған және кантата, оратория сияқты күрделі жанрдағы көптеген туындыларды дүниеге әкелді. Композитордың «Жалт-жұлт еткен дүние-ай», «Дариға аққу», «Күзгі әуен», «Анама», «Шыңырау-құс», «Өмір-дастан», «Майра» сынды ән-күй, шығармалары өз орындаушыларын тауып, халық арасына кең тарап, қазақы тыңдарманның ыстық ықыласы бөленсе, көптеген туындылары шетел сахналарында орындалып, ұлттық өнерімізді әлемге паш етіп, кәсіби мамандар мен көпшіліктің жоғары бағасын алған.


















Альбомдарға оралу