Menu HELPDESK

«Еуропа-Азия» пианиношылардың І Халықаралық байқауы өтеді



2021 жылдың 29-31 наурызы аралығында «Еуропа-Азия» пианиношылардың І Халықаралық байқауы өтеді. Ұйымдастырушы – «Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты» жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің арнайы фортепиано кафедрасы.

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

·        дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау;

·        классикалық және заманауи композиторлардың музыкасын насихаттау;

·        мәдениет саласы бойынша білім берудегі музыкалық және педагогикалық дәстүрлерді жетілдіру;

·        орындаушылық өнер саласындағы педагогикалық тәжірибемен алмасу және шығармашылық қарым-қатынас, педагогикалық шеберлікті жетілдіру.

 

Байқау номинациялары:

«Фортепиано-соло»,

«Фортепиано ансамблі»

 

Байқау 29-31 наурыз аралығында бейнежазба қолдану арқылы қашықтықтан өтеді. Байқауға музыка мектептерінің, өнер мектептерінің, кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары, жоғары білім беру ұйымдарының студенттері мен аспиранттары, оқытушылары төменде көрсетілген жас топтары бойынша қатыса алады:

I жас тобы      10-12 жас;

II жас тобы     13-15 жас;

III жас тобы    16-19жас;

IV жас тобы    20-26 жас;

V жас тобы      27 жастан бастап және жас мөлшеріне шектеу жоқ.

Байқауды өткізу мерзімдері

Өтінімдер байқауға қатысушылардың өнер көрсету бағдарламасын көрсете отырып, 2021 жылғы 24 наурыздан кешіктірілмей alsu-badretdinova@mail.ru («Еуропа-Азия» пианиношыларының І Халықаралық байқауы» белгісімен) электрондық мекенжайы бойынша қабылданады. Байланыс телефоны :8-937-49-25-888 (Петренко Алсу Тимерзагитовна)

БАЙҚАУ ЕРЖЕЛЕРІ
Альбомдарға оралу