Menu
info@conservatoire.kz

Forecast-тың алтыншы шығарылымы үшін идея ұсыну жарияланды

Forecast – бұл халықаралық бағдарлама, бұл бағдарламаның көмегімен шығармашылық мамандықтағы адамдар өз жобаларын іске асыру үшін тәжірибелі менторлармен бірігеді. Forecast нақты белгіленген пәндер мен жанрлардан асып түседі. Бірінші кезекте бізді жаңа ұрпақ жаңашылдарын толғандыратын мәселелер қызықтырады. Біз әлемнің түкпір-түкпірінен шығармашылық және мәдениет саласындағы жобалармен жұмыс істейтін адамдарды қатысуға шақырамыз. Менторлардың бай тәжірибесі және олардың материал мен кураторлыққа деген ерекше көзқарасы сіздің жобаңызға сөзсіз пайда әкеледі.

Forecast өз саласында жоғары жетістіктері бар алты тәлімгерді таңдайды. 2021-2022 жылдары таңдалған алты тәлімгер қалыптасқан идеяларға күмән келтіріп, үйреншіктілікке қарсы болады. Қазіргі жағдайда Forecast өмір сүру және тұрақтылық жағдайында болудан бас тартады және алға жетелейтін батыл жолдар іздейді.

Көрсетілген тәлімгерлердің бірімен жұмыс істеуге өтініш беріңіз: сәулетші Татьяна Билбао (Мексика), сандық саясат бойынша сарапшы Франческа Бриа (Италия), әнші және эксперименталды композитор София Йернберг (Швеция), иллюстратор Улли Люст (Австрия), хореограф Матильда Монье (Франция) және суретші Эмек Огбох (Нигерия). Біздің сайтта сіздер әрбір ментордың қызмет саласы туралы және олардың әлеуетті үйренушілерден не іздейтіндігі туралы толығырақ біле аласыздар.

Өтініш берудің соңғы мерзімі – 8 ақпан (жексенбі), Орталық Еуропа уақыты бойынша 23:59. Іріктеу екі кезеңде өтеді. Алдымен менторлар барлық өтінімдерді мұқият қарап, үш кандидатты семинарға қатысуға және өз идеяларын 2021 жылғы шілдеде Берлинде өтетін Forecast форумында ұсынуға шақырады. Үміткерлер презентацияны дайындау үшін ақшалай қаражат алады. Форумнан кейін үміткерлердің ментордың пікірлері негізінде жобаны аяқтауға бірнеше апта уақыты болады және түзетілген нұсқасын 2021 жылдың 27 тамызына дейін ұсынуы тиіс. 1 қыркүйекте әр тәлімгер бір оқушыны таңдайды.

Барлық алты оқушы жобаны жүзеге асыру үшін бюджет, лицензия және сыйақы алады. Оларға ментордың қолдауымен өз идеяларын жүзеге асыруға бірнеше ай уақыт беріледі. Осы кезеңде халықаралық серіктестік мекемесінде ментормен жобаны үнемі талқылау және жеке жұмыс жүргізіледі.

Нәтиже көпшілік алдында 2022 жылдың сәуір айында Forecast фестивалінде ұсынылады. Форум мен фестиваль Берлиндегі radialsystem мәдени орталығында өтеді.

Forecast тек ағылшын тілінде және онлайн-форма арқылы берілген өтінімдерді қабылдайды. Өтінімді жібермес бұрын жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарымен және нұсқаулармен біздің сайтымызда танысып шығыңыз. 

Өтінімді мұнда бере аласыз:

http://forecast-platform.com/





вернуться в альбомы