Menu HELPDESK

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСҚАН КОНСЕРВАТОРИЯ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕМЕН ТОЛЫҚТЫ



Консерваторияның «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының студенттері Уфа қаласында (Башқұртстан, РФ) Т.А. Докшицердің туғанына 100 жыл толуына орай Үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың ІІІ Халықаралық интернет-байқауында лауреат атанды.
Байқаудың ұйымдастырушысы – Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: классикалық үрмелі музыкалық мұра мен ұлттық және әлемдік музыка мәдениетінің дәстүрлерін сақтау, дамыту әрі танымал ету; балаларды, жастарды, оқытушылар мен музыка әуесқойларын музыкалық орындауға кеңінен тарту; дарынды жастарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру; білім беру мекемелері оқытушыларының арасында үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындау саласында тәжірибе алмасу.
Ересектер тобында "Ағаш үрмелі аспаптар" аталымымен ІІ дәрежелі лауреат атанғандар: Андрейкин Самуил (саксофон), ұстазы – Шубин Игорь Юрьевич, концертмейстер – Скрипченко Елена Анатольевна және Маликов Ғазиз (саксофон), ұстазы – Сафонов Андрей Валерьевич, Концертмейстер – Скрипченко Елена Анатольевна.
ІІІ дәрежелі лауреаттар – Есенгел Даулетияр (саксофон), ұстазы – Иманбаев Азамат Қапыханұлы. Концертмейстер – Скрипченко Елена Анатольевна.
Дипломант – Майлы Нұржан (гобой), ұстазы – Сағымбаева Айман Жұмабайқызы. Концертмейстер – Ысқақова Динара Болатқызы.
"Ұрмалы аспаптар" аталымында ІІІ дәрежелі лауреаттар Файзулла Расулла, ұстазы – Ботабаев Қанат Тұңғышбайұлы. Концертмейстер – Ысқақова Динара Болатқызы.
Халықаралық байқауда лауреат атанған консерватория студенттерін шын жүректен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыстар тілейміз!

 

 


Альбомдарға оралу