Menu HELPDESK

«Кітап – алтын қазына» онлайн челленджі өтті

Биылғы Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрінің бастамасымен қолға алынған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҚЫРМАН ҰРПАҒЫ – 2021» жалпыұлттық акциясын қолдау мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 1 курс студенттерінің қатысуымен «Кітап – алтын қазына» атты онлайн челленджін өткізді. Жоба ұйымдастырушысы «Студенттер және түлектермен жұмыс жасау» бөлімінің аға-менеджері Мадалиев Ержігіт Нұралыұлы.
Бұл челлендждің басты мақсаты еліміздегі жасөспірімдерді кітап оқуға қызықтыру, оларды қолдау болып табылады. Жобаға консерваторияның әрбір мамандығында оқып жатқан 1-курс студенттері арасынан 12 білім алушы қатысты.

консерваторияның youtube каналынан көріңіздер:   https://www.youtube.com/watch?v=LBbOOnVUDhY

  


  

  

 

 


   
Альбомдарға оралу