Menu HELPDESK

Консерватория кітапханасында «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы талқыға түсті

Консерваторияның Ғылыми-ақпараттық кітапханалық қызметінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда.

Кітапхана қызметкерлері «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың бірі, әлемдік бестселлер Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабына жеке тұлғаның дамуы тұрғысынан талқылау ұйымдастырды. ZOOM платформасы арқылы   өткен онлайн-талқыға кітапхана оқырмандары – консерваторияның  I курс студенттері қатысты.

Онлайн-конференция барысында студенттер кітаптан алған әсерімен бөлісіп, Стивен Р. Ковидің әр дағдысына жеке-жеке тоқталды.

«Оркестрлік дирижерлеу» мамандығының студенті Мұхтар Сәтқозы: «Өскелең ұрпақтың өз ортасында көшбасшы болуы, жақсы мінез қалыптастыруы үшін аталған кітапты оқудың маңызы зор» деген ой айтты. «Домбыра» кафедрасының студенттері Совет Данияр мен Жаншин Дәулет: «Стивен Ковидің кітабындағы дағдыларды күнделікті өмірде іске асырсақ, жетістікке жеткен адамдардың қатарында боларымыз анық» – деп түйіндеді.

 Ал «Қобыз-баян» кафедрасының студенттері Еркін Алима мен Таупықова Алтынжан кітапхана ұйымдастырған мұндай конференциялар студенттерді кітап оқуға бастайтынын айтып, ризашылығын жеткізді. 



1111.png


222.png


3333.png


444.png
Альбомдарға оралу