Menu HELPDESK

Композитор С.В. Рахманиновтың 150 жылдығына арналған «Сергей Рахманинов - Күміс ғасыр кемеңгері» республикалық дөңгелек үстелі



Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы сіздерді даңқты орыс композиторы Сергей Рахманиновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Сергей Рахманинов - Күміс ғасыр кемеңгері» атты республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырады.


Дөңгелек үстел 2023 жылы 3 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ансамблдік өнер кафедрасында өтеді. Басқосуға оқытушылар, өтініш берушілер, докторанттар, магистранттар, студенттер мен басқа да тұлғалар қатысады.


Дөңгелек үстелдің мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені қорытындылау және ұлы орыс композиторы С.В. Рахманиновтың камералық шығармашылығына қатысты ғылыми және әдістемелік ақпараттар алмасу.


Отырыстың басты тақырыптық бағыттары:

  • С.В. Рахманиновтың камералық-вокалдық және камералық-аспаптық музыкасын орындау және интерпретациялау мәселелері;
  • С.В. Рахманиновтың камералық музыкасын орындау бойынша әдістемелер;
  • XIX-XX ғасырлар тоғысындағы камералық музыка үрдістерін негізге ала отырып С.В. Рахманиновтың камералық музыкасын талдау.

 

Дөңгелек үстел жұмысына қатысу келесі форматтарда мүмкін болады: басқосу шеңберінде баяндама жасау; сырттай қатысу (сөз сөйлемей суретті баяндама жасау).


Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар баяндама тақырыбын ұйымдастырушыларға 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін хабарлауға міндетті (регламент 7-10 минут), дөңгелек үстел жұмысына қатысуға өтініш беруге тиіс (егер мақаланың бірнеше авторы болса өтініш материалды жіберуге жауапты автордың атынан толтырылады), мақалалар chambermusic.knc@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады (1-2 қосымшаларды қараңыз). Жиын барысында баяндама жасауға ниетті қатысушылар дайын презентациясын алдын-ала дөңгелек үстелдің электронды поштасына Microsoft PowerPoint (10-15 слайд) форматында жіберуге тиіс.

 

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша электронды құжаттар топтамасы әзірленіп консерваторияның www.conservatoire.edu.kz сайтында жарияланады


Қаржылық талаптар: дөңгелек үстелдің ұйымдастыру жарнасы қарастырылмаған; жол шығыны, қонақ үй және іссапар шығындарын жіберуші тарап төлейді.


Дөңгелек үстел жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілінде өтеді.

 

Мекен-жайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Абылай хан даңғылы, 86. 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.


Анықтама үшін байланыс телефоны:

+7 707 763 28 46 (WhatsApp)

e-mail: chambermusic.knc@mail.ru


Өтініш үлгісі және мақалаға қойылар талаптар



Альбомдарға оралу