Menu HELPDESK

Консерватория мен Ресей театр өнері институтының басшылығы онлайн-кездесу өткізді

2021 жылдың 29 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы Ресей театр өнері институтының (ГИТИС) ректоры  Григорий Анатольевич Заславскиймен және білім ордасының проректоры Ольга Леонидовна Денисовамен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар музыкалық театр режиссурасы және басқа да білім беру, шығармашылық бағыттарында мамандар даярлау үшін өзара ынтымақтастық орнату жөніндегі ойларын ортаға салды.

Консерватория ректоры Арман Әділханұлы өз сөзінде өнер-білім ордасының жұмысы жөнінде кеңінен таныстырып, Ресейлік әріптестердің ерекше ықыласына ризашылығын білдірді. Кездесу нәтижесі бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында екі елдің шығармашылық білім ордалары арасында ынтымақтастық келісім, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың нақты қадамдары жасалады деп жоспарлануда.

1114.jpg

WhatsApp Image 2021-04-29 at 16.34.04.jpeg

WhatsApp Image 2021-04-29 at 16.34.03 (1).jpeg

Альбомдарға оралу