Menu HELPDESK

Консерватория оқытушысы «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022» төсбелгісімен марапатталды



Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Арт-менеджмент» кафедрасының аға-оқытушысы, PhD докторы Айгерім Маратқызы Оспанова ғылым мен білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2022» төсбелгісімен марапатталды.

Аталмыш шара «Бөбек» жалпы ұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өткізілді. Жобаға ТМД елдеріндегі ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген үздік жас ғалымдар қатысты.

Бұл жобаның басты мақсаты – жас ғалымдардың ең үздік маңызды әрі инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми қызығушылықтарын арттыру, ғылым саласын дамыту мақсатында ортақ біріктіруші алаң құру.

Айгерім Маратқызын жобадағы лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Барлық бастамалары мен ғылыми жұмыстарына табыс тілейміз!



Альбомдарға оралу