Menu HELPDESK

Консерватория ректоры Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды!

DSC_6344.JPG



Қымбатты достар! «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес құрамында 29 кандидат бар тізім бекітілді. Аталған тізім бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деп атап өткен болатын. Өмір бір орында тұрмайды. Қазіргі таңда елімізде жаңаша ойлайтын, жаңа заманның талаптарына ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай бейімделе алатын қоғам қалыптастыру керектігі өзекті мәселе болып тұр деп есептеймін. Бұл тұрғыда білім мен өнер, мәдени құндылықтар бірінші орынға шығады. Республикамыздағы тарихы терең, маңдайалды жоғары оқу орындары шоғырланған, өнер мен мәдениет орталығына, жастар қаласына айналған, ең ірі мегаполисіміз – Алматы шаһарының жан-жақты дамуына, әсіресе өнер-білім жүйесі мен мәдениет саласынының уақыт талабына сай өркендеуіне мейлінше күш салғанымыз жөн, - деді сөзінде ректор Арман Жүдебаев.

Арман Әділханұлы кәсіби біліктілігі мен еңбекқорлығының арқасында жас та болса көп биіктерді бағындырып, қазіргі таңда ұлттық музыка өнеріміздің қарашаңырағы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын басқарып отыр. Дарынды күйші, дирижер ретінде халық сүйіспеншілігіне бөленген майталман өнерпаз, соңғы жылдары білікті басшы ретінде консерватория ұжымы алдында өзінің тиянақтылығы, жауапкершілігі және басшыға тән талапшылдығымен жоғары беделге ие болып отыр.
Консерватория ұжымы Арман Әділханұлын құттықтай отырып, депутаттық қызметінде сәттілік тілейді.

WhatsApp Image 2021-01-15 at 14.19.04.jpeg

WhatsApp Image 2021-01-15 at 14.19.04 (1).jpeg
Альбомдарға оралу