Menu HELPDESK

Консерватория ректоры Италиялық қонақтарды қабылдады



2021 жылдың 12-14 қараша аралығында Алматыда жасөспірім музыканттарға арналған «Prima Nota Fest» Республикалық байқауы өткен болатын. Еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген 9-14 жас аралығындағы 45 оқушы ішекті аспаптар, фортепиано және академиялық вокал аталымдары бойынша бақ сынасты.

Аталмыш байқауда қазылық жасауға Италия елінен «Montecatini OPERA Festival» жобасының Бас директоры Лоренцо Лаварини мен көркемдік жетекшісі Мария Джулия Граццини келген болатын.

«Prima Nota Fest» Республикалық байқауының қазылар алқасының төрайымы, опера әншісі Зарина Алтынбаеваның шақыруымен елімізге келген қонақтар бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қонақта болды. Ұжым ректоры Арман Жүдебаев,
ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор Ғалия Бегембетова және ректор аппараты қызметінің басшысы Ермек Скаковтың қатысуымен өткен таныстық кездесуде тараптар өзара пікір алмасып, шығармашылық бағытта әңгіме өрбітті. Шетелдік қонақтар консерватория басшыларын өз елдеріне қонаққа шақырды. Арман Әділханұлы қонақтарға сый-сияпатын жасап, екі жақ алдағы уақытта шығармашылық бағытта қарым-қатынас орнатуға келісті.







Альбомдарға оралу