Menu HELPDESK

Консерватория ректоры өнер-білім ордасының ұжымына мемлекеттік наградаларды табыстады


Бүгін Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев өнер ордасының ұжымына мәдени және қоғамдық қызметте сіңірген еңбектері үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Арман Әділханұлы алдымен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының қолынан «ҚҰРМЕТ» орденін алған «Домбыра» кафедрасының профессоры Үлкенбаева Айгүл Нариманқызы мен «Халық әні» кафедрасының доценті Байбосынова Ұлжан Мәліқайдарқызын, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен марапатталған «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры Сатыбалдина Тамара Мухамедиярқызы мен осы кафедра доценті Алтайбаева Шолпан Жүсіпбайқызын жоғары наградаларымен арнайы құттықтап, басқа мемлекеттік наградаларды өз қолымен табыстады.

Марапаттар төменгідей ретпен табысталды:

ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік медалімен:

1. Ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор – Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы;

2. Үрмелі және ұрмалы аспаптар" кафедрасының профессоры – Өтеуов Мұхтар Жамашұлы;

3. «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры – Стригоцкий Владимир Андреевич;

4. «Қобыз және баян» кафедрасының аға оқытушысы – Қожахметов Сұлтан Тайғараұлы;

5. «Дирижерлеу» кафедрасының доценті – Негманова Паиза.

6. «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті – Құрамбаева Гүлнар Төлегенқызы;






 

«МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» медалімен:

1. Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректордың у.м.а. – Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы;

2. Ректордың көмекшісі – Сәрсенов Рахат Ғазизұлы;

3. Концерттік-шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру қызметінің басшысы – Аязбаева Айнұр Исатайқызы;

4. «Ақпараттық саясат» бөлімінің басшысы – Қансейітов Самат Асанұлы;

5. «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті – Қалымова Ғалия Дәлелханқызы;






 

Министрдің «ҚҰРМЕТ» грамотасымен:

1. «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі – Қалиев Сағатбек;

2. «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының меңгерушісі – Есдәулетова Камила Абдуалиқызы.



Министрдің «АЛҒЫС ХАТЫМЕН»:

1. «Музыкатану және композиция» кафедрасының аға оқытушысы – Таткенова Шолпан Акылбекқызы;

2. «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының оқытушысы – Иманбаев Азамат Қапуханұлы;

3. «Домбыра» кафедрасының оқытушысы – Нұрбаева Динара Амангелдіқызы.



АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ НАГРАДАЛАРМЕН:

1. Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор – Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы;

2. «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің деканы – Нүсіпова Айзада Сайфуллақызы;

3. «Қобыз және баян» кафедрасының аға оқытушысы – Қожахметов Сұлтан Тайғараұлы;

4. «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті – Қожабеков Ілияс Кененбайұлы;

5. «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті – Айғалқаева Ботагөз Бағдатқызы.





Ректордың «АЛҒЫС ХАТЫМЕН»:

1. Тіркеуші-офисінің аға статист-регистраторы – Сахова Қарлыға Әділханқызы;

2.      Оқырмандарға қызмет көрсету, қорларды сақтау және жинақтау бөлімінің кітапханашысы – Шегірова Ләззат Серікбайқызы;

3. «Музыкатану және композиция» кафедрасының лаборанты – Шаяхметова Динара Шаяхметқызы;

4. Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру секторының менеджері – Жаңабаева Ардақ Нұржанқызы;

5. Концерттік бөлімнің аға менеджері – Горбанева Татьяна Александровна;

6. Концерттік бөлімнің менеджері – Шәріп Аршат Ертісұлы.

7. Персоналмен жұмыс жасау бөлімінің менеджері – Алмағанбетова Мөлдір Мұратбекқызы;

8. Концерттік бөлімнің басшысы – Сәбит Әсет Айбынұлы;

9. Шаруашылық қамтамасыз ету және ғимаратты эксплуатациялау қызметі басшысының орынбасары – Омаров Бұлан Төленбайұлы;

10. Шаруашылық қамтамасыз ету және ғимаратты эксплуатациялау қызметінің бас инженері – Қабиден Аманкелді Оңғарбекұлы.







Бүгінгі марапатқа ие болған өнер ордамыздың ұжымын қуаныштарымен тағы бір мәрте құттықтап, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы мен еліміздің гүлденуі жолында өз үлестерін қоса берулеріне тілектеспіз!

Барша қазақстандықтарға төл мерекеміз құтты болсын!


Альбомдарға оралу