Menu HELPDESK

Консерватория ректоры Steinway & Sons компаниясының өкілдерімен кездесті

DSC_1562.jpg

2022 жылғы шілденің 18 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Steinway & Sons Hamburg фабрикасының ТМД, Таяу Шығыс, Африка аймақтары бойынша директоры Антон Вильгельммен және Steinway & Sons компаниясының Қазақстан бойынша ресми дилері Светлана Хельммен кездесті.

Жүздесу барысында консерватория мен компания арасында тығыз қарым-қатынас орнату мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, сахналық алаңқайларға арналған рояльдарды сатып алу жайы мен музыкалық аспаптарды жөндеу жөніндегі жобалар талқыланды.
















Альбомдарға оралу