Menu HELPDESK

Консерватория ұстаздары «30 жыл 30 есім» Ұлттық жүлдесіне ие болды


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «30 жыл 30 есім» Ұлттық жүлдесіне ие болды. ҚР Еңбек сіңірген артисі, күйші, «Домбыра» кафедрасының профессоры Айгүл Үлкенбаева мен ҚР Еңбек сіңірген артисі, әнші, «Халық әні» кафедрасының доценті Рамазан Стамғазиев байқаудың «Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі» аталымында жеңімпаз атанды.

Телевизиялық жүлде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталды. Үздіктер есімі 2021 жылғы 23-30 қараша аралығында qazaqstan.tv сайты арқылы жүргізілген дауыс беру кезеңінде анықталды. Байқау ережесі бойынша сарапшылардан құралған арнайы комиссия іріктеуімен еліміздің ғылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт, кино, дәстүрлі өнер сияқты 10 салада табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіби мамандар таңдалды. «30 жыл 30 есім» есім байқауының жеңімпаздары – халық таңдауы. Ұлттық арнаның ресми сайты арқылы дауыс беруге бір аптаның ішінде 962 858 қазақстандық қатысқан.

         Ұлттық жүлде иегері атанған өнер иелеріне тек толағай табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!






Альбомдарға оралу