Menu HELPDESK

Консерватория ұстаздары мемлекеттік наградаларға ие болды



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапат иелеріне наградаларды консерватория ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы табыстады.


«Арт-менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, Ғылым бөлімінің басшысы Д.Е. Кешубаева ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісіне ие болса, «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы М.К. Шалабаев, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының оқытушысы Б. Кәрібаев және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті А.Т. Есетова Құрмет грамотасымен, ал, «Арнайы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ғ. Несіпбаев, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Б.Т. Өтебаева, «Ішекті аспаптар» кафедрасының оқытушысы А.Е. Әміреева, «Домбыра» кафедрасының оқытушысы А.А. Кенегесов және «Дирижерлеу» кафедрасының оқытушысы К.М. Қадірбеков ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды.


Әріптестерімізді айтулы наградаларымен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп, еңбектеріңіз жемісті болсын дейміз.























Альбомдарға оралу