Menu HELPDESK

Консерватория студентері «IQ Almaty» студенттер мен оқушылар арасындағы зияткерлік сайысына қатысты

Қымбатты достар! Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы телеарнасының бірлесіп ұйымдастырған тележобасы «IQ Almaty» студенттер мен оқушылар арасындағы зияткерлік сайысына қатысты. Консерваториядан құрылған топқа «Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің» аға менеджері Мадалиев Ержігіт Нұралыұлы жетекшілік етті.
Консерваториямыздың намысын қорғаған "Музыканттар" тобы құрамында Асанбаева Айдана, Шарапи Абылай, Ғимарат Ерназар, Қазкенов Дастан, Шарипова Қарлығаш және Қайыржанова Гүлбағым болды. Біздің студенттер аталмыш сайысқа қатысып қана қоймай, ақтық мәреге дейін жетті. Зияткерлік сайысты алдағы уақытта Almaty телеарнасының эфирінен көре аласыздар.

Студенттеріміздің жан-жақты дамуына үлес қосып жүрген Алматы қаласының әкімдігі мен "Almaty" арнасына алғысымызды білдіреміз. Студенттерімізге оқуда озат және шығармашылық табыс тілейміз!

WhatsApp Image 2021-05-18 at 15.12.37 (2).jpeg

WhatsApp Image 2021-05-24 at 17.20.27.jpeg
Альбомдарға оралу