Menu HELPDESK

Консерватория студенті «Art Talents» II Халықаралық байқауында жеңімпаз атанды



Құрманғазы атындағы ҚҰК «Фортепиано» мамандығының 2-курс студенті Рашид Рахимов (оқытушысы ҚР Халық артисі, профессор Қадырбекова Гүлжәмиля Ихсанқызы) 2022 жылдың 5-10 мамыр аралығында Мәскеу қаласында онлайн форматта өткен «Art Talents» II Халықаралық байқауында I дәрежелі лауреат атағын иеленіп, жеңімпаз атанды.

Байқау шарты бойынша Рашид 2022 жылдың 25 мамырында Мәскеу Халықаралық музыка үйінде өтетін Гала-концертте өнер көрсету үшін қонақ ретінде шақырылды.



Альбомдарға оралу