Menu HELPDESK

Консерватория студенті Мәскеуде өткен Халықаралық байқауда лауреат атанды


П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында өткен Үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың XII Халықаралық байқауында «Валторна» номинациясы бойынша консерваториямыздың 4-курс студенті Санжар Қадырбеков үшінші жүлделі орынды иеленіп, лауреат атанды. Оқытушысы – Кәрібаев Б.Е.

Аталмыш байқау 2021-жылдың 29 қазаны мен 5 қарашасы аралығында П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының С.Рахманинов атындағы залында дәстүрлі форматта өткен болатын.

Айтулы халықаралық байқаудың биылғы қазылар алқасы төмендегідей болды.

«Гобой» номинациясы бойынша төраға: Айрат Кашаев (Ресей);

Қазылар алқасы: Вашингтон Барелла (Германия), Софья Беляева (Ресей), Дмитрий Булгаков (Ресей), Паоло Грация (Италия), Алекс Кляйн (Бразилия), Дамиля Махпирова (Қазақстан).

«Валторна» номинациясы бойынша төраға: Айрат Кашаев (Ресей);

Қазылар алқасы: Ерлан Жакенов (Қазақстан), Игорь Карзов (Ресей), Дариуш Микульский (Польша), Алексей Раев (Ресей), Эспен Сельвик (Норвегия), Владимир Тарашкевич (Белорусь).

Жалпы бұл байқауға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан үш студент қатысты. «Гобой» номинациясы бойынша 2 студент және «Валторна» номинациясы бойынша 1студент. Мұндай байқаулар жас орындаушылардың кәсіби шеберліктерін арттыруға үлкен ықпал етеді. Студенттеріміз халықаралық байқаудан мол тәжірибе алды деп ойлаймыз. Оларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.


Альбомдарға оралу