Menu HELPDESK

Консерватория студенті Әміре Қашаубаев атындағы әншілер байқауында лауреат атанды

Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 1-5 қыркүйек күндері Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауы өтті. Ән байқауына республиканың түкпір-түкпірінен 25 өнерпаз қатысты. Байқау ережесі бойынша қатысушыларға Ә.Қашаубаевтың үнтаспада сақталған репертуарынан «Ағаш аяқ» әнін (ер азаматтарға), «Дудар-ай» әнін (қыз балаларға) және халық композиторлары немесе халық әндерінен бір әнді өз еріктерімен таңдап орындау міндеттелген.

Алқа төрағасы, қоғам қайраткері Бекболат Қанайұлы бастаған қазылардың жоғары бағасын алған, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының 3-курс студенті Байбақты Ідірбай 3-орынды иеленіп, лауреат атанды. Ұстазы – «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы Қарабалина Эльза Жеңісқызы.



Альбомдарға оралу