Menu HELPDESK

Консерватория студенті әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Оркестрлік дирижерлеу» мамандығының 2 курс студенті Сәтқозы Мұхтар әлемге әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясына ие болды.

Қазақстан бойынша 850 студенттің арасынан 46 студентке ғана бұйырған айтулы стипендия жыл сайын ең үздік студенттерге берілетін беделді сыйлық болып табылады. Студентіміз аталмыш стипендияға ие болған алғашқы музыкант болып отыр.

Конрад Аденауэр атындағы SUR PLACE қоры – өз қабілеттерін тек оқуда ғана ашуға емес, сонымен қатар өз білімін, күші мен бастамаларын өз елінің саяси және әлеуметтік өміріне арнауға дайын дарынды жастарға қолдау көрсететін халықаралық ұйым. SUR PLACE гранты - ай сайын бес ай көлемдегі мерзімге берілетін өтеусіз ақшалай төлем. Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары Қордың стипендиаттары бола алады.

Сәтқозыны айтулы жеңісімен құттықтап, оқуда және шығармашылық жолында табыстар тілейміз!



Альбомдарға оралу